ҚР Президенті несие жүктемесін азайтуды тапсырды Избранное

Пятница, 28 Июнь 2019 04:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1905 раз

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қарызын азайту шаралары туралы Жарлыққа қол қойды.

Тоқаев-1

Мемлекет басшысы қарызға батқан азаматтарымыздың жағдайына бей-жай қарай алмайтынын айтты. Сондықтан, Президент бұрын-соңды болмаған теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Басты мақсат – қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, оларға өз отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беру.

Жарлықта Үкіметке және Ұлттық Банкке біржолғы акция ретінде келесі шараларды қабылдау тапсырылған.

Жоғарыда аталған санаттағы азаматтардың қатарынан әрбір қарыз алушы үшін мемлекет тікелей және атаулы қаржылай көмек ретінде екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі қарызын және оған есептелген сыйақыны өтейді.

Бұл ретте олардың биылғы 1 маусымға дейінгі берешегінің жалпы көлемі 3 млн теңгеден аспауы тиіс. Қарыз алғандардың 55%-ы, яғни 250 мың адам үшін бұл негізгі қарызы мен сыйақыны қоса алғанда жалпы қарыз көлемін тұтастай төлеу дегенді білдіреді.

Қалған кредит алған азаматтардың қарыздары 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі. Бұл олардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және борыш жүктемесін азайтуға айтарлықтай септігін тигізеді. 2019 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтыну қарыздары бар барлық азаматтар үшін есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар есептен шығарылады.

Қарыз алушылардың аталған төлемдерін есептен шығару, ең алдымен, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының есебінен жүргізіледі.
Сонымен қатар, кредит беруге, оған қатысты қызмет көрсетуге және жеке тұлғалардың мерзімі өткен берешегі 90 күннен асқан барлық кепілсіз қарыздарына байланысты тұрақсыздық айыбы, комиссия және өзге де төлемдер есептеуге тыйым салынады.

Тұтыну кредиттеріне қатысты қалыптасып отырған жағдай қайталанбауы тиіс. Бұл – Президенттің ұстанымы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.