Цирк ұжымы балақайлардың көңілін көтерді Избранное

Пятница, 28 Июнь 2019 04:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2634 раз

Шымкенттегі эвакуациялық пунктердегі 500-ге жуық бала цирк өнерпаздарының қойылымын тамашалады.

Цирк-2

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту жане архивтер басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы 49 эвакуациялық пунктегі жас бүлдіршіндер үшін қойылым қойылды.
– Арыста орын алған төтенше жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Қаладағы эвакуациялық пунктерде үш күннен бері көмек көрсетілуде.

Еріктілер мен мекемелер, тұрғындар азық-түлік, киім-кешек беріп, қаржылай жәрдемдессе, қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры, Цирк мекемесі балаларға арнап қойылым, концерттік бағдарламалар қоюда. Сонымен қатар балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында балақайларға ертегі кітаптары, танымдық кітаптар, сурет салатын қаламдар таратылды, – деді мекеме басшысы Арман Әлиев.

Қайырымдылық қойылымында «Айгөйлек» балалар ансамблі өнер көрсетті. Мұнан соң манежде цирктің жануарлары балақайларға қуаныш сыйлады. Балалар әуе акробаттарының теңдессіз пластикасы мен үйретілген жануарлардың өнерін, сайқымазақтың көңілді нөмірлерін де тамашалады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.