Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі

Среда, 24 Июль 2019 04:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4294 раз

Елбасы Н.Назарбаевың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бірінші кезекте мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Бүгінгі жағдайда бүкіл әлемде адамзаттың бейбіт өмір сүруіне және дамуына қандай да қауіп-қатерлер болса, солардың қатарында діни экстремизм мен терроризм тұр.

мешіт

Сондықтан еліміздегі дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігінің бірі болып саналады.

Жалпы, бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы діни ахуалды тұрақты деп бағалауға болады. Қала аумағында 11 конфессияға енетін 31 исламдық емес бағыттағы жергілікті діни бірлестіктер мен олардың 1 филиалы және исламдық бағыттағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары – 104 мешіт қызмет етуде.

Исламдық емес бағыттағы 30 діни бірлестіктің қатарында православтық – 6, католиктік – 1, иудейлік – 1, бахаилық – 1, протестанттық 21 діни бірлестік бар.

Аталған діни бірлестіктер мен филиалдар еліміздегі заңдылықтар аясында қызмет етуде, олардың арасында өзара ынтымақтастық орныққан, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлесін қосуда.

Дегенмен, Шымкент тұрғындарына, әсіресе жастарға түрлі бағыттағы теріс пиғылды діни ағымдардың зиянды ықпалы тимей отырған жоқ. Кереғар діни ағымдардың және оларды жақтаушы адамдардың халық арасында адасушылық тудырып, елімізде қалыптасқан ынтымақ пен бірлікке, ауызбіршілікке нұқсан келтіруге бағытталған іс-әрекеттеріне қарсы жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы тұрғыда мемлекет деңгейінде заңдылықтарды жетілдіру және күшейту қолға алынған, ал жергілікті жерлерде нақты атқарылар жұмыстардың нәтижелілігі артуда. Дін саласы бойынша жұмыстар тиісті деңгейде үйлестіріліп, жүзеге асырылуда.

Бірінші кезекте теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалынан халықты, ең алдымен, өскелең ұрпақ – жастарды қорғау міндеті тұр. Осы мақсатта қала көлемінде дін саласы бойынша халық арасында, яғни елдімекен тұрғындары, мекеме қызметкерлері, оқу орындарының жастары мен мектеп оқушылары арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қала көлемінде ақпараттық-түсіндіру топтары құрылған.

Бүгінгі жағдайда қалалық топ құрамында 24 адам жұмыс істеуде. Ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен жыл басынан бері 262 кездесу өткізіліп, 60 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде мешіттердің, оларды басқарушы дін мамандарының рөлі күшейтілуде.

Қалаға қажет дін саласы мамандарын жұмылдыру мақсатында «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің мүмкіндіктерін пайдалану жолдары қарастырылуда. Қалада дін саласына қатысты жұмыс жүргізетін мемлекеттік құрылымдардың штаттық бірліктерін арттыру, жаңадан құрылымдар ашу мәселесі қолға алынды.

Осы мақсатта қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың басынан бері теолог-мамандардың 28 штаттық бірлігі берілді.

Жалпы халықтың діни сауаттылығын арттыруда, діни экстремизм мен терроризмге, теріс пиғылды діни ағымдардың үгіт-насихатына қарсы иммунитетін қалыптастыруда ел ішінде жүргізіліп жатқан кең көлемді ақпараттық насихаттық және түсіндіру жұмыстарының қатарында бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше.

Сондай-ақ, жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау, жастардың діни иммунитетін көтеру мақсатында орталық тарапынан Haqjoly.kz діни ақпараттық порталы ашылып, жұмыс істеуде.

Аталған сайт «Зайырлы мемлекет», «Дін және жастар», «Дін және қоғам», «Теріс ағым», «Дәстүрлі дін», «Бейнероликтер», «Жаңалықтар», «Мақалалар» айдарларымен қамтылған. Жыл басынан бастап сайтта 38 мақала, 36 жаңалық, 26 бейнеролик жарияланды.

Мұрат Базарқұлов,
Шымкент қаласы
ішкі саясат және дін істері
басқармасының басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.