ӨЗ ӘЛЕУЕТІМІЗДІ ТАНЫТАТЫН СӘТ ҚАЗІР

Понедельник, 02 Сентябрь 2019 09:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2243 раз

69448658 2301983020114651 6867169909030256640 n

Орынбай РАХМАНБЕРДИЕВ, мемлекет және қоғам қайраткері:

ӨЗ ӘЛЕУЕТІМІЗДІ ТАНЫТАТЫН СӘТ ҚАЗІР

– Президент Тоқаев өз Жолдауында 5 басымдықты атап, елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басқанымызды айтып өтті. Ендігі кезекте осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек. «Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі» деді ғой. Міне, бүгінде бізге керегі – ынтымақ пен бірлік. Татулық пен келісім.

Президенттің өз Жолдауындағы адами капиталды дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру, бизнесті өркендетудегі бастамалары өте орынды. Дарынды балалардың қабілетін арттырудың жол картасы, көпбалалы аналарды бизнеске тартатын бағдарлама әзірлеу, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау, бұқаралық спортты дамыту, т.б., адам әлеуетін дамытатын жобалар керек-ақ. Яғни, заман ағымына сай, отандастарымыздың өз әлеуетін танытатын сәт қазір. Осыны жете ұғынайық.

Сондай-ақ, Жолдауда жедел түрде жыныстық зорлық-зомбылыққа, педофилияға, есірткі таратуға, адам саудалауға, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, тұлғаға әсіресе балаларға қарсы жасалатын өзге де ауыр қылмыстарға жазаны қатаңдату қажеттігі айтылды. Ал полиция азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет көрсететін органға айналады. Яғни, құқық қорғау жүйесін толыққанды реформалауға басымдық берілмек.

Президент Үкіметке тарифтер мен бағаларды реттеуді тапсырды. Бұл да дер кезінде көтеріліп отырған мәселе. Монополистердің тауарлар мен қызметтерін негізсіз қымбаттатпауын қоғам болып бақылауымыз қажет.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.