Батыр баба рухы ұлықталды Избранное

Среда, 23 Октябрь 2019 04:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3203 раз

Қазақ жерін жоңғарлардан азат ету үшін болған ірі шайқастарда қол бастаған аса көрнекті қолбасшы Сіргелі Тілеуке «Қарабатыр» (1694-1754) бабамыздың есімі ұлықталып, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Екпінді ауылының іргесінде 325 жылдық мерейтойы өткізіліп, ұрпақтары атынан ескерткіш-монумент орнатылды.

560

 

Іс-шара ескерткіш монументтің ашылуы салтанатымен басталды. Жазушы Қабдеш Жұмаділов, мемлекет және қоғам қайраткерлері Орынбай Рахманбердиев, Анарбек Орман, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев тарихтан сыр шертіп, батыр бабалардың есімін ұлықтаудың маңыздылығын атап өтті. Тарихи-сахналық көрініс қойылып, соңы концерттік бағдарламаға жалғасты. Салтанатты жиынға ән шашу ретінде белгілі әнші Тамара Асардың орындауында Анарбек Орман мен композитор Қалдыбек Құрманәлінің жазған «Менің бабам» әнінің тұсауы кесілді Жиылған жұртқа арнайы тігілген ақ шаңқан киіз үйлерде баба рухына арналып ас берілді.
Жиын соңы ұлттық спорт түрлері – қошқар көтеру, арқан тарту, кір тасын көтерумен жалғасын тапты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.