Венгрияның бас консульмен кездесті Избранное

Пятница, 15 Ноябрь 2019 03:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 136 раз

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Венгрияның Алматыдағы Бас консулы Блауманн Ференцпен кездесті.

консул

Екіжақты кездесу барысында тараптар Шымкент пен Венгрия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қала басшысы шаһардың инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті туралы хабардар етіп, аймақта шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Шымкент – Қазақстандағы жетекші өндірістік және экономикалық орталықтарының бірі. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шымкент қаласы ірі транзиттік дәліздерге арналған көлік хабына айналады.

Мұнда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған, яғни, екі индустриалды аймақ пен бір арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді.Алдағы уақытта «Жұлдыз» және «Агро» индустриалды аймақтарын салуды жоспарлап отырмыз.

Ал, біз Венгрияны бау-бақша мен жүзім шаруашылығы жоғары дамыған ауыл шаруашылығы саласындағы индустриалды ел екенін білеміз. Сондықтан осы бағытта әріптестік орнатуға ниеттіміз. Оған қоса, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша да бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын, – деді Ерлан Қуанышұлы.

Екі елдің тарихи тамыры ортақ және даму жолдары ұқсас екенін айтқан Бас консул шымкенттік жастарды Венгрия мемлекетіне оқуға шақырды. Блауманн Ференц Қазақстанға жыл сайын 250 грант бөлінетінін, яғни осы арқылы Шымкент қаласының студенттерін барынша қамтуға болатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екі ел халықтарының игілігі үшін барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сөз байласты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.