Сізден - МӘСЕЛЕ, Бізден - ШЕШІМ

Пятница, 22 Ноябрь 2019 05:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2003 раз

Шымкент қаласы әкімдігі халықпен тиімді кері байланыс орнатуды күшейтті. Әкімдік қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару арқылы қаладағы өзекті мәселелерді дер кезінде шешуді бірінші кезекке қойып отыр.

33

№1 Сұрақ: Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі 3 үйдің тұрғыны @zamiraalzhan 19.10.2019 күні сағат: 09:10-де жылудың берілмегендігін айтып, шағымын инстаграм парақшасында жариялады.

Бұл мәселе бойынша Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бас маманы Бауыржан Монанов аталған мекенжайда болып, арнайы мамандарды шақырып, жылу мәселесін сол күні сағат 14:20-де шешті.

№2 Сұрақ: Шымкент қаласының тұрғыны Ринат Кайпов @rinatkaipov81 19.10.2019 жылы сағат: 16:15-те №78 автобусты аялдамада 40 минутқа дейін күтетінін айтып, мәселені шешуді өтініп, жергілікті биліктен көмек сұрады.

Аталған мәселе бойынша 20.10.2019 күні сағат 16:05 Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыру және заң бѳлімінің әдіскері Аида Раманкулова жауап берді.

– №78 автобус бағытына қызмет көрсеткен «Green Bus Company» ЖШС көлік компаниясымен келісімшарт бұзылды және аталған бағыт ашық конкурсқа шығарылатын болады деп хабарлады. Конкурс ұйымдастырылғанша аталған бағытқа уақытша қызмет көрсететін «Т-Bus» ЖШС басшылығына аталған бағыттың қозғалыс кестесі мен қозғалыс жиілігінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша талап қойылып, оның жұмысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бақылауына алынатын болады.

№3 Сұрақ: Еңбекші ауданы, Жұлдыз елдімекенінің М. Мәметова 50/1 тұрғыны 20.10.2019 жылы сағат 10:07 «Спецавтотранспорт» ЖШС-нің өз жұмысын дұрыс атқармайтыны туралы шағымын жеткізген.

Аталған мәселе бойынша Еңбекші ауданы әкімінің аппаратының мәдени ағарту бөлімінің бас маманы Д.Бижанов 20.10.2019 жылы сағат 16:19 жауап берді. – «Спецавтотранспорт» ЖШС-і мамандары Жұлдыз елдімекенінің М. Мәметова 50/1 үй иесінің шағымы бойынша тексеріс жүргізді.

Тексеру кезінде анықталғандай Мақсат мырза 2019 жылдың қаңтар айынан бері қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне төлем төлемеген. Келісімшартта көрсетілгендей қоқысты шамадан тыс көп шығарған. Мекеме келісімшартқа тұрған тұрғындардың күл-қоқысын уақытында, үзіліссіз тазалаған. Тұрғынға мән-жай түсіндіріліп, ол өз қарызын төлеуге уәде берді.

4.Сұрақ: akimat_shymkent парақшасында 19.10.2019 жылы сағат: 09:20 Шымкент қаласының тұрғыны @altynlessova Тәуке хан даңғылынан төмен қарай Байтұрсынов көшесіне жүргінші жол салуды айтып, сыни ақпарат жариялады.

Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыру және заң бѳлімінің әдіскері Аида Раманкулованың айтуынша, А.Байтұрсынов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын «Отырабат-Құрылыс» ЖШС-і жүргізіп жатыр. Орташа жөндеу жұмыстарында көшенің екі жағынан жаяу жүргіншілер және велосипедшілерге арналған жол қаралған. Нысан 2020 жылға өтпелі болуына байланысты жаяу жүргіншілер жолы толығымен 2020 жылы аяқталатынын жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.