Өзгеге әрбір ісі дайын үлгі

Среда, 25 Декабрь 2019 04:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3420 раз

Анар ЖАППАРҚҰЛОВА, ақын:

анар

Қазақта «Мейірім көрмеген баладан – қайырым күтпе» деген ұлағатты сөз бар. Қайырымдылық бұл қазаққа ғана тән қасиет. Мұны өзге халықтардан біздің ұлтымызды ерекшелеп тұратын ананың сүтімен, атаның қанымен біткен қасиет деуге болады.

Қаламызда Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент – қайырымды қала» деген үлкен жоба басталды. Бұл әрбір қаланың тұрғынын ізгілікке, мейірімділікке, жақсылыққа бастайтын керемет жоба. Біз қай жерде жүрсек те, жолаушылап өзге өңірлерге сапарласақ та Шымкент халқы жайлы ыстық лебіздерін айтады. «Шымкенттіктер қуанышта да қайғыда да бір-біріне көмектесуге дайын тұрады» деп осындай ерекше қасиеттерімізді үлгі тұтады.

Ендеше, «Шымкент – қайырымды қала» бастамасына бәріміз үлес қосуға міндеттіміз.

Өзгеден бұрын гүлдеп, қыр гүліміз,
Келгенде салт-дәстүрге үлгіліміз.
Анасы - мейірімді, атасы - абыз,
Қайырымды қаланың тұрғынымыз.
Танытқан парасат пен пайымымды,
Өзгеге әрбір ісі дайын үлгі.
Ұл-қызы, туыс-бауыр, бәрі жақын,
Шымкент - нағыз қала қайырымды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.