Еңбекші ауданының әкімі Ғ.Ильясовтың 2019 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының тезистері

Понедельник, 06 Январь 2020 04:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 503 раз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталды.

аким

Негізгі мәлімдеме болашақ азаматтық қоғам жөнінде болды.
Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды.

Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау және талқылау мақсатында 58 кездесу өткізіліп, жалпы саны 7 мыңға жуық тұрғын қамтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттерді болдырмау және алдын алу мақсатында аудан әкімі аппаратының ұйымдастырумен 2019 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында және аудан аумағындағы білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында (семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, құқықтық сабақтар, жиналыстар) жалпы 32 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Өткізілген іс-шараларда Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң талаптарын сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау, қоғам тарапынан сеніп тапсырылған міндеттерді адал атқаруға ерекше мән беруге бағытталып отыр.
2018 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің есепті кездесулерінде түскен 91 ұсыныс пен өтініштердің 30-на кездесу барысында толыққанды жауап берілді, қалған 61 ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, атқарылған жұмыстардың мәліметтері тоқсан сайын жергілікті баспасөз беттерінде және аудан әкімі аппаратының ресми сайтында жарияланып отыр.

Құжат айналымы туралы

2019 жылдың өткен мерзімінде аудан әкімі аппаратына 3600 кіріс құжаттары түсіп, 4034 құжат жолданды, жеке және заңды тұлғалардан 347 жазбаша өтініштер тіркелді.
Жыл басынан аудан әкімі мен аудан әкімі орынбасарларының жеке қабылдауларында 225 азамат болды. Қала әкімінің шешімімен аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдауды күнделікті жүргізді.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес барлық өтініштер мен арыздар уақтылы қаралып, жауаптар берілді.
2019 жылдың өткен мерзімінде қала әкімі тарапынан 125 тапсырма берілген, одан орындалғаны – 68, тұрақты бақылауда – 55, орындалу мерзімі бар – 2.

Индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік

Аудан аумағында 212 өндірістік өнеркәсіп орындары орналасқан. Оның ішінде 2019 жылы үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Оңтүстік» индустриалды және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтарында құны 4 193,0 млн теңгені құрайтын 5 өндірістік кәсіпорын 140-нан астам жаңа жұмыс орындарымен іске қосылды және 1 500,0 млн теңгеден астам жеке инвестиция негізінде 1 сауда үйі, 1 демалыс аймағы ашылды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, кәсіпкерлікті дамыту бойынша төмендетілген пайызбен несие беретін мекеме мамандарының қатысуымен жеке кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынталы азаматтарға 2 семинар-кеңес, 6 жиналыс өткізілді.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру

Аудандағы 1 базар мен 13 үлкен сауда үйлерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларын тұрақтандыру мақсатында тұрақты мониторинг жүргізіледі. Базар және үлкен сауда үйлерінің басшыларына бағаны негізсіз өсірмеу туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
«Айна» базарының автотұрағында тұрақтандыру қоры арқылы төмендетілген бағада қажеттілігіне қарай бірінші қажетті азық-түлік өнімдері (картоп, пияз, сәбіз, рошки, күріш, шекер, ұн) сатылуда. «Әсел» базарының алдындағы автотұрақта әр жексенбі күні және «Фосфоршылар» үйінің алдында әр сәрсенбі күні отандық тауар өндірушілерді қатыстыра отырып, жәрмеңке өткізілуде.

Заңсыз сауда және жарнамаларды жою

Аудан әкімінің 2019 жылға бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес аудан әкімі аппаратының мамандары, Шымкент қаласының жер қатынастары, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе 2019 жылы 87 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-бабына сәйкес аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесі тарапынан заңсыз сауда жасаушы азаматтарға 796 хаттама толтырылып, 353 500 теңге айыппұл салынды.
2019 жылы ауданда заңсыз орналасқан 4 дүңгіршек, бақша және басқа да өнімдер бойынша 117 заңсыз сауда орындары жойылып, құрылыс материалдарын сататын 49 сауда орындары ретке келтірілді.
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына және аудан әкімі аппаратының 2019 жылға бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес аудан әкімі аппаратының мамандары Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе 2019 жылы 91 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде 451 заңсыз жарнама (плакаттар) мен 127 штендерлер, жалпы саны 578 заңсыз жарнамалар жойылды.
Рейд барысында коммерциялық құрылым иелеріне жарнамаларын заңдастыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Салық туралы

Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бірінші кезекте қаржы мәселесі шешілуі тиіс. Аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғаюда. Жергілікті бюджетке 50 719,6 млн. теңге жиналып, 2018 жылмен салыстырғанда 33% артты.

Аумақты көріктендіру және санитарлық тазалық

Ауданды көріктендіру, көгалдандыру – бұл, аудан тұрғындарына қолайлы орта жасау және қонақтардың жақсы көз-қарастарын қалыптастыру үшін көңіл аударатын ең басты мақсатымыздың бірі болып табылады.
Аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын мердігер мекемелер «Ақсемсер-Строй Сервис», «Арнаулы автокөлік», «Нұр-Сат» ЖШС-лары, «Байтерек-Л.Б.», «Income» ЖШС-лары көпқабатты секторда аптасына 3 рет, ал жеке секторда аптасына 2 рет жүргізді. Аталған мекеме қалалық қоқыс полигонына 6366м3 қоқыс шығарып, 505км ирригациялық жүйелер тазаланды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, негізгі көшелердің бойында орналасқан 51 жеке тұрғын үйлер мен 28 коммерциялық нысандардың қасбеттері, қоршаулары ретке келтіріліп және жол бойындағы тас үйінділерді тегістеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандағы мекемелерге, кәсіпорындарға бекітілген аумақтарында санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 7 қалалық, 3 аудандық сенбіліктер өткізілді. Сенбіліктерге 24100 астам адам қатысып, 72 автокөлік тартылды, 39,4 шақырым аяқжолдар тазаланып, қалалық қоқыс полигонына 267м³ қоқыс шығарылды.
Есепті кезеңде «Нөлдік төзімділік» қағидасының орындалуы бойынша аудандық ЖПҚБ-ның учаскелік полиция инспекторлары тарапынан ҚР ӘҚБтК-ның 434 бабы бойынша 110 хаттама толтырылып, оның ішінде 1 132 463 теңге айыппұл өндірілді. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан барлығы 295 азаматқа 30 187 125 теңге айыппұл салынып, 28 974 375 теңге өндірілген.

«Таза қала» акциясы

2019 жылы Шымкент қаласы әкімдігі мен «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Таза қала» акциясына аудан бойынша «Үлгілі аула» номинациясына 53 көпқабатты тұрғын үй, «Үлгілі көше» және «Үлгілі аудан» номинациясына жеке секторда орналасқан 23 көше комитеттері өтінім білдірді.
Конкурс нәтижесінде көпқабатты тұрғын үйлер бойынша жеңімпаздар:
І орын – 16 ш/а №54 үй, ІІ орын – «Теріскей» ш/а №43 үй, ІІІ орын – Ш.Уәлиханов №190А үй, жеке сектор бойынша: І орын – Аблязимов көшесі, ІІ орын – «Ұлағат» ш/а Айдын көшесі, ІІІ орын – Тоғыс т/а Ж.Арзымбетов көшесі көшесі.
Ынталандыру сыйлықтары бойынша: 18 ш/а №№62,64 үйлер, «Теріскей» ш/а №49 үй, Түркістан көшесінің тұрғындары иеленді.
«Таза қала» акциясының қорытындысымен Еңбекші ауданы «Үздік аудан» номинациясының иегері болды.

Тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық мәселелері

Ауданда 2019 жылы «Өңірлерді дамыту-2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының қатысуымен жиналыстар өткізілді 35 көпқабатты тұрғын үйлердің тізімі «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ы мен Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары басқармасына ұсынылып, 6 көпқабатты тұрғын үйлерге («Күншығыс» №№2,95, Қ.Сарымолдаев №1Б, Қаратөбе тас жолы №№38,42, Ш.Уалиханов №190А) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандағы 528 көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. 2019-2020ж.ж. қысқы жылу маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді сапалы және уақытылы дайындау үшін аудандық жұмыс штабы құрылды. «Қуат жылу орталық-3» МКК-мен бірлесе тұрғын үйлерді қысқа дайындау іс-шарасы бекітілді. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, әр үйде жиналыс ұйымдастырылып, тұрғындар арасында кіреберіс есіктерді, жертөлелерді тазалау, түтін тартқыштарды тазалау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауданда қызмет көрсететін 12 сервистік компаниялар («Теплокомсервис», «Thallos», «Шымкент Элит Сервис», «СпецКомплектСервис», «Қуатжылусервис», «Абико компания», «Нұр-Арыстан», «Nur-D» ЖШС-лары және «Молиз», «Шоманбаев» «Аскар», «Аширбеков» ЖК-рі) көпқабатты үйлердің тұрғындарымен тұрғын үй инженерлік жүйелерін 2019-2020ж.ж. қысқы жылу маусымына дайындау мақсатында 404 келісім-шарттар түзілді. Қалған 124 үй қысқы жылу маусымына өз күштерімен дайындалды.
Көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы 2019-2020ж.ж. жылу маусымына дайындау мақсатында тұрғындармен 316 жиналыс, сервистік компаниялармен 3 дөңгелек үстел өткізілді және тұрғындар өз тараптарынан жұмыс жүргізбейтін, яғни қиын үйлер бойынша аудан мамандары БАҚ өкілдерімен бірлесе жасалған 4 репортаж телеарналарда көрсетілді.

Өрт қауіпсіздігі

2019-2020 ж.ж. жылдың қысқы жылу маусымында аудандағы орналасқан жеке жылу беру жүйелерін қолданатын көпқабатты және жеке тұрғын үйлерде құрылғыларды қауіпсіз пайдаланып, газбен уланудың алдын алу және тұрмыстық өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында аудан әкімі аппаратының мамандары, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, аудандық полиция басқармасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы мамандары «Отырар», «NAR-TV», «Оңтүстік» телеарналарының тілшілерімен бірлесе тұрғындар арасында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Газбен уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тұрғындармен профилактикалық жиналыс өткізудің іс-шара жоспары бекітіліп үй комитеті төрайымдары, тұрғындары және мектеп оқушыларымен «Қауіпсіз қала – тұрғындардың саулығының кепілі» тақырыбында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның мамандарымен бірлесе 8 жиналыс өткізіліп, жадынамалар таратылды.
2019 жылға «Шымкент қаласының жекелеген аумақтық бірліктері бойынша (шағынаудан, тұрғын алаптар) 2017-2021 жылдар аралығында сейсмикалық жаттығуларды өткізуді ұйымдастыру туралы» перспективалық жоспарға сәйкес жер сілкінісі орын алған жағдайда халықты іс-әрекеттерге дайындау мақсатында ауданда 7 сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Инфрақұрылым және көріктендіру

Ауданды инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету мақсатында қамтылмаған аумақтардың сызбасы мен анықтамалары қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырылды, Аудандағы аумағындағы тұрғын алаптардағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша 2019-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары келісілді.
Ауыз сумен қамтамасыз ету:
Қамтылғаны 92,5% (61291 аб.), қамтылмағаны 7,5% (4953 аб.).
– Бадам тұрғын алабының ауыз су жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, (жоба 301,24 млн теңге) 2020 жылға қаржы бөлінді.
– Бадам-1, Бадам-2 тұрғын алаптарына (жоба құны 196,5 млн 2019 жылға 1 млн теңге) құрылыс жұмыстарын «Лидер строй проект 2002» ЖШС-ы бастады. Нысан 2020 жылға өтпелі.
– Базарқақпа тұрғын алабында «Ынтымақ бес Арыс» ЖШС-ы, Тұрдыабат тұрғын алабында «Омега строй» ЖШС-ы, Абдуллабат тұрғын алабынбында «Авто рем строй ЛТД» ЖШС-ы ауыз су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
– Базарқақпа (2-ші кезек), Абдуллабад (2-ші кезек), Бадам-1, Жыланбұзған, Тоғыс, Айнатас тұрғын алабтарының ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық есептері әзірленуде.
Электр жарығымен қамтамасыз ету:
Мемлекеттік жүйе 88,1% (58358 аб.), жекеменшік жүйе 7,0% (8658 аб.), қамтылмағаны 4,9% (3228 аб.).
– Тоғыс тұрғын алабында 24 көпқабатты үйлерге және Шаттық, Тәуелсіздік, Жаңақұрылыс көшелеріндегі жүйелерді қайта құру жұмыстарын (жоба құны 254,2 млн құрылыс құны 165,34 млн теңге) «Қуат құрылыс» ЖШС-ы жүргізді. Нысан пайдалануға тапсырылды.
– Бадам тұрғын алабында (195 орам) электр жүйелерінің құрылыс жұмыстарын «Омега строй» ЖШС-ы (жоба құны 255,3 млн,шарттың құны 220,7 млн. теңге) жүргізіліп, абоненттеу жұмыстары атқарылуда.
– Жыланбұзған, Базарқақпа, Қарабастау, Бадам-1 тұрғын алаптарына электр жүйелерінің құрылыс жұмыстарын «А.Мерей и К» ЖШС-і (жоба құны 581,72 млн 2019 жылға 250 млн теңге) жүргізуде. Нысан 2020 жылға өтпелі.
– Жұлдыз, Жалын тұрғын алабтарын электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ (жоба әзірлеу құны 10,08 млн теңге) әзірленіп, сараптамаға тапсырылды.
Табиғи газбен қамтамасыз ету:
– Бадам тұрғын алабына «Строй Проект-Инвентаризация» ЖШС-і ЖСҚ әзірледі (Жоба құны 344,4 млн). Құрылысына 2020 жылға қаржы бөлінді.
Кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету:
– Тоғыс тұрғын алабында «Торлан құрылыс» ЖШС-ы құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізіп (Жоба құны 276,5 млн., шарт құны 226,3 млн теңге), пайдалануға тапсырды;
– Ұлағат, Мирас, Шапағат-2, Солтүстік шығыс шағынаудандарына «Форс проект» ЖШС кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуде.(жоба әзірлеу құны 54,7 млн теңге). Нысан 2020 жылға өтпелі.

Жолдар және көпірлер

Ауданда ұзындығы 613,17км құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер орналасқан.
2019 жылы 167,8 млн теңге қаржы бөлініп, 8,74 шақырымға асфальттау жұмыстары жүргізілді. (Рысқұлбеков, Нысанбайұлы, Момышұлы, Жұманұлы, Көктал, Ягодная, Қалмырзаев, Данов, Шапағат, Халықтар достығы, Майбұлақ, Тленшин көшелері).
– Бадам шағынауданындағы 9 көшеге және «Оңтүстік» шағынауданындағы Еламан көшесіне ЖСҚ-ға сәйкес құрылыс құны 366 млн теңге құрайды, 2019 жылы 50 млн теңге бөлініп, Сарыарқа, Жаңару Үшқұдық, Үшқұдық-2, Керемет, Өнеге көшелерінде асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Нысан 2020 жылға өтпелі.
– Базарқақпа тұрғын алабында Абдуллабад және Ю.Сареми көшелеріне Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс құны 1 724 млн тенге. Нысан 2020 жылға өтпелі.
– Аудандағы 26,4 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
– Бадам-2 тұрғын алабындағы көпірдің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, «Корпорация Береке-А» ЖШС-і «Бадам» өзенінен өтетін көпірдің құрылыс жұмыстарын жүргізді. (Жоба құны 1 161 млн. теңге.)
– Қарабастау тұрғын алабына өтетін «Бадам» өзенінің үстіндегі көпірге қайта құру жұмыстарын «Арт құрылыс» ЖШС-і жүргізуде (Жоба құны 607,509 млн теңге).
– Маятас тұрғын алабындағы «Бадам» өзенінің үстінен өтетін көпірге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды (Жоба құны 159,51 млн).
– Тоғыс тұрғын алабындағы «Бадам» өзенінің үстінен өтетін көпірге ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды (Жоба құны 151,416 млн).
– Ленгер тас жолындағы «Сайрам су» өзенінің үстінен өтетін көпірді қайта құру жұмыстарын «Корпорация Береке-А» ЖШС-і жүргізуде. (Жоба құны 433,87 млн. 2019 бөлінген қаржы 200 млн теңге). Нысан 2020 жылға өтпелі.

Абаттандыру және жарықтандыру

Абаттандыру: 2019 жылы «Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы балалар, спорт және жаттығу алаңшаларын абаттандыру мен күтіп ұстау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын «STRONG SERVISE» ЖШС-ы іске асырды. Тартылған инвестиция құны – 1млрд 210,9 млн теңге. Бұл жобада 20 көпқабатты тұрғын үй аулаларына 13, тұрғын алабтарда 4 балалар ойын алаңшасын орнату, 33 ашық спорт, 13 воркаут және тренажер алаңшалары орнату, 24 ашық спорт және 8 тренажер алаңшалары жөндеуден өткізілді.
Жарықтандыру: Ж.Алдияров, Жанқожа батыр, А.Пшеничных, Н.Төреқұлов, Ж.Нұрлыбаев, Бекет батыр, Жамалов, Жанаров, Мұнайбарлаушылар, Бахриз Рамиз көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірленді, 2020 жылға қаржы бөлінді.
Суағар арықтар (ирригация): Аудан аумағындағы 6 нысанда ирригация жүйелеріне «Старт строй» ЖШС-ы құрылыс жұмыстарын жүргізді. (Жоба құны 36,9 млн теңге, 157 метр)
– 18 шағынауданы №№14, 15, 16, 17, 20 (652 метр);
– «Күншығыс» шағынауданы №106 үй (240 метр);
– Жанкожа батыр көшесі (155 метр Безделев – Түркістан көшелерінің қиылысы);
– Мельникайте көшесі (Казбакалейторг аумағы 140 метр).
– Ж.Алдияров, Жанқожа батыр көшелері (330 метр).

Әлеуметтік көмек көрсету

ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес құзырлы мекеме мамандарының қатысуымен 4 семинар-кеңестер өткізілді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің шартты және шартсыз түрлерін тұрғындарға кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, №31,34,96,120,127 және қалалық №7 емханасының ғимараттарында көпбалалы аналар мен аз қамтылған аналар арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
2019 жылдың І тоқсанында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке үміткер 1281 отбасының 1106-на «мұқтаж» деген қорытындылар берілді.
2019 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін атаулы әлеуметтік көмекке 16683 отбасы өтініш білдірді. Оның ішінде 14347-не «мұқтаж» деген қорытынды берілді. Жалпы жыл басынан бері 17964 отбасының құжаттары қаралды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 21.05.2013 жылғы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына және Шымкент қалалық мәслихатының 29.03.2019 жылғы №47/369-6с шешіміне сәйкес, бір реттік әлеуметтік көмек алуға тапсырған 491 отбасының 434-не «мұқтаж» деген қорытынды берілді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құруға кәсіпкерлерді жұмылдыру мақсатында, ауданда жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы топ, аудандағы мекемелер мен коммерциялық нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, 69 көшеде, 18 шағынаудандар мен Жұлдыз, Қаратөбе, Қазығұрт аумақтардағы орналасқан 1535 мекемелер мен коммерциялық нысандардың басшыларына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қол жетімділігін жақсарту бағытында құрылғылармен қамтамасыз ету жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік инфрақұрылымдық қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша 130-на пандус және 137-не арнайы қоңырау белгілері орнатылды.

Діни экстремизмнің, нашақорлықтың алдын алу

Діни экстремизмнің керағар діни ағымдар мен секталар іс-әрекетінің алдын алу мақсатында тұрғындар, студенттер мен оқушылар арасында 108 кездесу өткізілді.
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2019 жылға арналған іс-шаралар» жоспарына сәйкес оқушылар мен студенттер арасында 98 түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде 17000-нан астам адам қамтылды.
Аудан әкімінің, аудан прокурорының, «NurOtan» партиясының аудандық филиалының, аудандық полиция және қалалық білім басқармаларының бірлескен бұйрығына сәйкес құрылған 8 мобильдік топ 98 семинар-кеңестер өткізді.
Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында 75 түнгі рейд ұйымдастырып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес 920 хаттама толтырылды. Оның ішінде: 791 ата-анаға ескерту, 24 ата-анаға айыппұл және 18 ойынхана иелеріне хаттама толтырылып, 9-ы сот шешімімен қысқартылып, ал қалған 9 кәсіпкерлерге 359 813 теңгеге айыппұл салынды.

Білім саласы

Шаңырақ шағынауданында 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
№63 мектепке спорт зал, асхана, шеберхана және Абдулабад тұрғын алабындағы №101 мектепке қосымша 300 орындық құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, «Отан ЛТД» және «Отырабат Құрылыс» ЖШС-лары құрылыс жұмыстарын жүргізді нысандар 2020 жылы пайдалануға беріледі.

Демографиялық саясат және іс-шаралар

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы және «Ару Аналар» қоғамдық бірлестігі, «Аналар кеңесі» және аудандық әжелер алқасының мүшелерімен бірлесе «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Отбасылық тәрбие», «Бақытты болу өз қолыңда», «Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары» тақырыптарында оқушылар мен студенттер арасында 37 семинар-кеңестер өткізді.
Ауданда жалпы 580 ана «Алтын алқа», 1571 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған. 2019 жылы 19 анаға «Алтын алқа», 63 анаға «Күміс алқа» алқалары салтанатты түрде табысталды.
2019 жылы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 8 мемлекеттік және ұлттық мерекелер өткізілді.
Қазіргі таңда 9 спорт мектебі мен орта мектептердегі 39 спорттық секцияларға 10 мыңнан аса оқушылар мен студенттер қатысады.
Бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар мен жастардың уақытын тиімді пайдалы өткізу мақсатында жасөспірімдер арасында кіші футбол, «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында үстел теннисі өткізілді. Дәстүрлі турнирлерге 1000-ға жуық жасөспірімдер мен қызметкерлер қатысты. Жарыстар демеушілер есебінен өткізілді.

Ономастика және тілдерді дамыту

Ауданда жалпы 611 көшелер мен даңғылдар бар. Идеологиялық тұрғыдан ескірген және атауы жоқ 75 көшенің тұрғындарымен өткен жиналыстың хаттамалары, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныспен берілді. Қалалық мәслихат отырысында 4 шағынауданның атауын заңдастыру мен 38 көшенің атауы өзгертілді, 37 көше атауы қаралуда.
Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын орындау мақсатында коммерциялық нысандардағы маңдайша мәтіндері мен түнгі уақытта толық жанбауына 609 коммерциялық құрылымдарда талдау-сараптау жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 83 нысан маңдайшаларынан кемшіліктер анықталып, оның 62-і түзетілді, 27-і бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
2019 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының, Туының, Әнұранының ғимараттарда орнату тәртіптері, түсі, диаметрі, өлшемімен үлгілерінің Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкестігі жөнінде 184 мекемеге мониторинг ұйымдастырылды. Нәтижесінде 39 кемшіліктер анықталып, бір жұмыс күні ішінде жойылды.

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының 2020 жылғы негізгі міндеттері

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» бағыты бойынша жұмыс жүргізу.
Аудан әкімі аппаратының жұмысының басты мақсаты халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік көмектерді ұйымдастыру.
Аудан аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, көпқабатты сектордағы аулаларды көріктендіру. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аула клубтарының санын, оған қамтылатын балалар санын көбейту.
Тұрғындарды сапалы ауыз су, газ, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.

Еңбекші ауданының әкімі Ғ.Ильясовтың аудан тұрғындарының алдында
2019 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру кездесулерінің
КЕСТЕСІ

р/с

Кездесу өтетін орындар

Өтетін күні

Уақыты

  1. 3.

№127 жалпы орта білім беретін мектеп, Еламан көшесі, 142

14.01.2020ж.

11:00

 

№94 жалпы орта білім беретін мектеп, Жұлдыз тұрғын алабы, Дегерес көшесі, 30/1

16.01.2020ж.

11:00

 

С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейі,

15 шағынауданы, Ж.Шаяхметов көшесі, 2А

17.01.2020ж.

11:00

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің халықпен есеп беру кездесулеріне ұсыныстарын
мен ескертулерін арналған жәшіктердің  орналасқан мекен-жайлары

                                    Мекенжайы

 

№127 жалпы орта білім беретін мектеп, Еламан көшесі, 142

 

№94 жалпы орта білім беретін мектеп, Жұлдыз тұрғын алабы, Дегерес көшесі, 30/1

 

С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейі, 15 шағынауданы, Ж.Шаяхметов көшесі, 2А

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, Толстой көшесі, 119

 

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының  Жұлдыз аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімі, Қапал  батыр  көшесі,  84а

 

Еңбекші  ауданы  әкімі  аппаратының  Қаратөбе   аумағы  бойынша  халықпен  жұмыс  жүргізу  бөлімі, Ш.Шахайдаров   көшесі, 2

 

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының  Қазығұрт  аумағы  бойынша  халықпен  жұмыс  жүргізу  бөлімі, Ж.Арзымбетов  көшесі, 30

«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» ММ WhatsApp әлеуметтік желісі 87475109055 арқылы сын-ескертпелер мен өтініштерді қабылдайтынын аудан тұрғындарының назарына ұсынады. 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.