Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұловтың 2019 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының тезистері

Понедельник, 06 Январь 2020 04:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 611 раз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қарашада Қазақстан халқына Жолдауында «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Үндеуін жариялады.

IMG 3739

Осыған орай, Мемлекет басшысының Жолдауын аудан аумағында түсіндіру жұмыстары бойынша жұмысшы тобы құрылып, желілік кесте бойынша насихаттау жұмыстары жүргізілді.
2019 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері 3 жерде өткізілді. Кездесу барысында тұрғындардан 94 сұрақ пен ұсыныс түсіп, олардың 7-не кездесу барысында жауап алды. 87-сі бойынша іс-шара жоспары түзіліп, құзырлы мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізіліп, жауаптары жолданды. Оның ішінде 21-і 2020 жылға өтпелі. Түскен өтініштердің орындалуы бойынша әр тоқсан сайын, мәліметтер аудан әкімінің ресми сайтында және «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінде жарияланып тұрды.
Аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2019 жылы 954 өтініш түсті, оның ішінде 88 - заңды тұлғалардан, 438-жеке тұлғалардан, 429 - аудан әкімі және орынбасарларының жеке қабылдауында түскен өтініштер. Барлық өтініштер мен арыздар Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралды. Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратына 2019 жылы - 3214 құжат түсіп, 3473 құжат жіберілген.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында халық саны 218 865, ауданында 60-қа жуық ұлт және ұлыс өкілдері тұрады, 15 ұлттық-мәдени орталық, 14 діни бірлестіктер, 73 өндірістік мекемелермен кәсіпорындар, 44 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, 672 көпқабатты тұрғын үйлер және 13545 жеке үйлер орналасқан.

Ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамту мәселесі

Әл-Фараби ауданы қаламыздың ең орталық ауданы болғандықтан, тұрғындардың ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7% құрап отыр.
Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму картасына сәйкес, инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етуді қажет ететін, Сайрам ауданынан қосылған «Бадам» тұрғын алабын (195 орам) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 2020 жылға және «Сәуле» шағынауданы (276 орам) жаңақұрылыс аумағын 2020-2021 жылға қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл елді мекенде егжей-тегжей жоспарына сәйкес, жеке тұрғын үй салу үшін 600 жер учаскесі берілген. Бүгінгі таңға, 300 тұрғын үй құрылысы жүргізілген, халық саны 1280 адам.
Биылғы жылы «Бадам» шағынауданын (195 орам) электр жарығымен қамтамасыз ету үшін, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 253,0 млн теңге қаралып, жарықтандыру жүйелері мен бағаналар орнатылуда.Аталған жұмыс 2020 жылға өтпелі. Ал, сапалы ауыз сумен қамту үшін 301,2 млн. теңге, табиғи газбен қамту үшін 344,3 млн. теңгені қажет етеді. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылы атқару жоспарлануда.
Сонымен қатар, Сайрам ауданынан қосылған «Сәуле» шағынауданының (276 орам) жаңақұрылыс аумағында шамамен 153 тұрғын үй құрылысы жүргізілген, халық саны 680 адамды құрайды. Бұл аумаққа сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірленіп, инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылы жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 59 млн теңге қаржы қарастыру жоспарлануда.
(Аталған аумақты электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылып, 150-ге жуық жеке тұрғын үйлер электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, жоғарыда аталған аумақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін демеушілер тарапынан 350 метрге жуық су құбырының қазба жұмыстары жүргізіліп, сапалы ауыз су жүйесі тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.)

Аумақты абаттандыру жұмыстарытуралы мәлімет

Әл-Фараби ауданында жалпы 400 аула бар. Оның ішінде 217 аула абаттандарылған. 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 100 аула абаттандырылуда. Қалған 83 ауланың 49 ауласын 2020 жылы, 17 ауласын 2021 жылы, 17 ауласын 2022 жылы абаттандыру жоспарлануда. Аулаға балалар ойын элементтерін орнату үшін сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды.
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 қыркүйектегі №55/459-6с шешімінің негізінде Әл-Фараби ауданы аумағындағы 100 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында абаттандырып, балалар ойын алаңшасын орнату үшін 12 жобаға жалпы сомасы 2,3 млрд теңге мөлшерінде мемлекеттік міндеттеме қабылданып, 2019 жылғы 16 қыркүйектегі №1/123/17-28 келісім-шарттар түзілген.
Екі жақты бекітілген өндірістік кестеге сәйкес 95 аулада демонтаж жұмыстары аяқталып, 40 аулада жұмыстар жүргізілген. Жалпы 22 аулаға 6312 м2 брусчатка төселіп, 8 аулаға резіңке қабаты жабылған.
Әлеуетті жеке серіктеспен жұмыстың барысы талқылау бойынша 5 рет кездесу өткізілген. Қазіргі таңда, 11 жұмысшы, 5 техникамен қамтылған. Абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары 2020 жылдың І жарты жылдығында атқару жоспарлануда.
Аудан аумағында 33 спорт алаңшасы орнатылған. Оның ішінде, 18 спорт алаңшаларын жөндеу мақсатында, бюджеттен қаржы қарастырылды. Жөндеу жұмыстары 2020 жылы атқарылатын болады. 33 спорт алаңшасы аудан тұрғындары үшін жеткіліксіз. Сондықтан, спорт алаңшаларын орналастыруға мүмкіншілігі бар 15 жер телімі анықталып, оларға мемлекеттік актісін (сәйкестендіру құжатын) алу жұмыстары жүргізілуде.

Жолдар құрылысы

Аудан бойынша 404 көше орналасқан, жалпы ұзындығы 281,8 шақырымды құрайды. Оның ішінде 204,6 шақырымы асфальт жабынымен, 39,9 шақырымы тас жол, қалған 26,6 шақырымы топырақ жол.
Жыл басынан бері 34 көшеге ағымдағы жөндеу және 3 көшеге қайта құру жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 1,678 млн. теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, А.Байтұрсынов көшесіне оң жақты бұрылыс, аяқжол, велосипедшілерге арналған жол және асфальттық бетон жабындысына 1,3 млн теңге қаржы қарастырылып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған көшенің аяқталу мерзімі 2020 жылға өтпелі. Ж.Шәймерденов және Халықтар достығы көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен 4,83 млн теңге қаржы бөлініп, асфальттау жұмыстары толығымен атқарылды.
Орталық көшелерде көлік кептелісін және жол апаттарының алдын алу мақсатында, бюджеттен жалпы соммасы 97 млн теңге қаржы қаралып 4 көшенің қиылысына оң жақ бұрылысы орнатылды. Атап айтқанда, Ұ.Арғынбеков және С.Байтереков көшелерінің қиылысы, Д.Қонаев даңғылы – Желтоқсан көшесінің қиылысы, Ғ.Іляев – Қ.Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы, Әл-Фараби алаңы – Түркістан көшесінің қиылыстары.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы 54 көшенің бойында орналасқан 92 жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар (зебра) қайта сызылып, қалпына келтірілді.
Одан бөлек, ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 50,0 млн теңге қаржы қарастырылып, 30 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Республика даңғылы, Д.А.Қонаев гүлзары, Ғ.Иляев, Желтоқсан, А.Байтұрсынов, Ә.Жангелдин, Ш.Қалдаяқов, Ә.Молдағұлова, Қ.Рысқұлбеков, Әйтеке би, Төле би, Анаров, Ө.Жәнібеков, Т.Рысқұлов, М.Мәметова, Амангелді, Рашидов, Володарский, В.Быковский көшелері және «Сәуле» шағынауданының Тәуке хан, Жеңістің 50-жылдығы, Ғ.Мұратбаев, Көктөбе, Өндірістік, Ж.Жабаев, Балдәурен, Қ.Рысқұлбеков, Д.А.Қонаев, Қазығұрт, Азаттық көшелері.
Аудан аумағына шағал тас төсеу үшін бюджеттен 32,1 млн теңге қарастырылып, «Бадам» шағынауданы 195 орам аумағының тиісті жолдарына 1110 метр, «Сәуле» шағынауданы 276 орам аумағына 890 метр, «Текесу» тұрғын алабына 1250 метр, жалпы 3250 метршағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Көріктендіру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы

Аудан аумағын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу әрқашан да басым міндеттер қатарына кіреді.
Аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау бойынша 7 учаскеге бөлінген, әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.
2019 жылы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау, шағынаудандардағы кенеттен пайда болған қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстарын 5 мердігер мекемелер тарапынан атқарылды. Аталған мердігер мекемелер 2019 жылы 6522 м² аяқжолдар, 37 271 ш.қ. ирригациялық арықтар және 128 115м² ішкі орамдардың санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, 10 018 м³ қоқыс полигонға шығарылды.
Аудан аумағындағы қураған ағаштарды санитарлық қырқу, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстарын Қазақ соқырлар қоғамамдық бірлестігі «Шымкент» корпоративтік қоры тарапынан атқарылды. Аталған мекемемен 2019 жылы 756м² жасыл желектер мен 7349 тал санитарлық қырқылып, 51 985,11м² шөп орылды және 54 700 ағаш түптері әктелді.

Сенбілік жұмыстары

Аудан аумағында 2019 жылы, жалпы алғанда 28 рет сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке 38300 астам тұрғындар мен мекеме қызметкерлері және 97 техника жұмылдырылып, 113 шақырым ирригациялық арықтар тазартылды, 6300 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 8700 түп ағаш әктелді және 1970 м3 күл-қоқыс шығарылды.
Әл-Фараби аудан аумағындағы «Бадам магистраль» каналының тазалығын қамтамасыз ету және аумағына ағаш көшеттерін отырғызуға арналған «КӨРІКТІ АЙМАҚ» бастамасын жүзеге асыру мақсатында, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, «ШымкентСуШар» МКК және Қазақстан Республикасы ІІМ «Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы» арасында үш жақты өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум түзілді. Аталған меморандумға сәйкес «Бадам магистраль» каналының бойына жыл басынан 3 рет арнайы сенбіліктер мен асарлар ұйымдастырылып, канал бойына ағаш көшеттері отырғызылып, канал ішіне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппараты қызметкерлері, ауданның белсенді жастарымен бірлесе аудан аумағындағы «Қошқар ата» өзенінің жағалауына «Экологиялық акция» тақырыбында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылыды. Өткізілген сенбілікте 5 арнайы техникамен 200-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 27 м3 күл-қоқыс шығарылып, 110 ағаш түптері әктелді.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен Дендропарк тарапынан өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум түзілді. Бекітілген меморандумға сәйкес, көктем-күз айларында тұрғындармен ұйымдасқан түрде, аулаларға ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.
Мұндағы мақсатымыз тұрғындардың аулаларға көшет отырғызып, ағаш өсіруге деген ынталы қызығушылығын арттыру болып табылады.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі» қабылданған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, аудан бойынша 2011 жылдан бастап жалпы көпқабатты 52 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылдың басынан 4 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржы қаралған жағдайда 44 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы басты көшелер бойында орналасқан 9 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері және 3 үйдің шатыры демеушілер тарапынан ретке келтірілді.

Жылумен қамтамасыз ету

Аудан аумағында жалпы көпқабатты 672 тұрғын үй бар. Оның ішінде көпқабатты 622 тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне, қалған 50-і үй автономды жылу жүйесіне қосылған.
Көп қабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында 2018-2019 жылғы жылу маусымына дайындық кезінде 106 жұмыс істемейтін тікқұбырлар толығымен ауыстырылып, 55 кіреберіс алаңдарының есігі және 322 м² кіреберістегі терезелер орнатылып, жылуға толық қосылған.
Сонымен қатар, жылу энергиясын үнемдеу мақсатында аудан тұрғындарына жылу есептегіш құралының тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көпқабатты 63 тұрғын үйге жылу есептегіш құралы орнатылды.

Аудан тұрғындарымен кездесу

Ауданда айына бір рет «Үй басқарушылар күнін» өткізу жүйелі түрде жолға қойылған. Аталған жиынға барлық коммуналдық салалардың өкілдерін қатыстыра отырып, тұрғындар, орам және көше басқарушылары тарапынан туындаған барлық мәселерді орнына шығып, мәселелердің дер кезінде шешілуі жүйелендірілген.
Атап айтқанда, өткізілген жиындарда, тұрғындар тарапынан түрлі мәселелер бойынша 164 өтініш түсті, оның ішінде 113 өтініші толық орындалып, шұғыл шешуді қажет ететін 32 мәселе дер кезінде шешілді. Қалған сұрақтар қосымша мерзімді талап етуіне байланысты тұрақты бақылауға қойылып, кезең-кезеңімен өз шешімі табылылуда.

Белгіленбеген орындардағы сауда туралы мәлімет

2019 жылдың І-ші жарты жылдығы бойынша 346 тұлғаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-бабына сәйкес әкімшілік хаттама рәсімделген.
Аудан аумағында орналасқан заңсыз дүңгіршектер бойынша аппарат қызметкерлері тарапынан күнделікті анықтау жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы 19 заңсыз дүңгіршектер алынып, 3 дүңгіршек бойынша сотқа дейінгі реттеу тәртібімен құжаттар жинақталуда.

Заңсыз автотұрақтар туралы ақпарат

Аудан аумағындағы тоқтауға тыйым салынған белгі орнатылған жерді заңсыз автобекет ретінде пайдаланып тұрған көлік иелеріне жол потрульдік полиция бөлімімен бірлесе іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ: Әйтеке би көшесі «Ескі қала» аумағы, Ш.Рашидов көшесі, Төле би көшесінің бойындағы «Әскери комиссариат» аялдамасының жаны, Ә.Молдағұлова көшесінің бойы, Түркістан көшесі, «Қазпошта» аумағы және Т.Әлімқұлов көшесінің бойы. Сонымен қатар, аудан аумағындағы орналасқан автобекеттер бойынша мониторинг жасалып, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылды. Қазіргі таңда аталған жерлерде «Шымкент паркинг» ЖШС «ақылды тұрақ» пилоттық режимінде жұмыс атқаруда.

Ретсіз орналастырылған жарнамалар туралы мәлімет

Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының мамандарымен бірлесе рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, аудандағы негізгі көшелерде және коммерциялық нысандарда, сауда орындарында орналасқан жарнамаларды ретке келтіру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда жыл басынан 300 жуық ірі жарнама және 800 жуық хабарлама ретінде жапсырылғын ұсақ жарнамалар алынған жеке кәсіпкерлерге жарнамаларын заңдастыру қажет екендігі туралы түсіндіру жұмыстарының жүргізілу нәтижесінде, төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметіне сәйкес, 80 заңды тұлға тіркелген.
Жалпы аудан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген кәсіпкерлерден 2019 жылдың (қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір) айларына сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша бюджетке түскен түсім көлемі 55,5 млн теңгені құрады.

Өз бетінше иеленген жер телімдері бойынша ақпарат

Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы жерді өз бетінше иеленген азаматтар және ауыл шаруашылық мақсаттағы жер телімдерінің саны: жалпы 213 жер телімі.
Онын ішінде: тұрғын үй - 46, құрылысы аяқталмаған үй саны -37,фундамент соғылған жер телімдерінің саны - 58, ауылшаруашылық мақсатындағы жер саны – 72.
Жоғарыда аталған жерді өз бетінше иеленген азаматтарды үйлерін заңдастыру бойынша, Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жалпы саны 11 тұрғын үйдің құжатын заңдастыру бойынша жер коммиссиясына тапсырылды. Сонымен қатар қосымша 11 тұрғын үй бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жер комиссиясына тапсыруға құжаттары рәсімделуде.

Түнгі тыныштықты бұзбау және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша мәлімет

«Шымкент-қауіпсіз қала» жол картасы аясындағы іс-шара жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданында 21:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға шектеу қою және 23:00-ден кейінгі түнгі тыныштықты бұзбау және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Аталған іс-шара, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарымен, аудандық әділет басқармасы өкілдерімен және жергілікті полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен тұрақты түрде жүргізілуде.
Заңталаптарын сақтамау түрінде жасалған құқық бұзушылық үшін кәсіпкерлік субъектісінің санатына сәйкес, жиырма бестен бастап, алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 200,282,463 баптары). Жыл басынан ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабына сәйкес 7 кәсіпкерлік субъектісіне айыппұл салынған, 282 бабына сәйкес 15 кәсіпкерлік субъектісіне шара қолданылған, 463 бабына сәйкес 28 тұлға жауапқа тартылған.

Тәуліктік пәтерлер бойынша жұмыстар

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы әкімдігінің бекіткен «2017-2018 жылдарға Шымкент қаласының бюджетінің түсім көздерін ұлғайту мақсатында уәкілетті органдар арасындағы қарым-қатынасты күшейту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес» бірқатар мемлекеттік мекемеледің өкілдерімен жұмысшы топ құрылды.
Аталған жұмысшы топтың қатысуымен жыл басынан бері тұрақты түрде тәуліктік пәтерлер бойынша, Айбергенов және Жангелдин көшелерінде орналасқан жалдамалы пәтер беретін кәсіпкерлерге, заңды түрде тіркелу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 685-бабының мүлікті жалдауға (жалға) беруге патентті алу тәртібіне қосымша талаптар енгізу жөнінде ұсыныс жолданды.

Мемлекеттен берілетін жәрдемақылар туралы ақпарат

2019 жылдың 27 сәуірінде өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев жаңа әлеуметтік іс-шараларға бастау берді. Басты басымдықтарының бірі – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстанды әлеуметтік бағыттағы мемлекет ретінде дамыту қажет екенін атап өтті.
Ауданымыздағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйлерін аралап, әр отбасының құрамы, олардың жұмыс жасайтындығы, жасамайтындығы, қандай әлеуметтік көмектер алатындығы, тұрып жатқан үй жағдайы және ол отбасыға қандай көмек қажеттігі туралы мәліметтер толтырылып әлеуметтік картасы жасақталды. Осы ақпараттың барлығы Е-халық жүйесіне енгізілді. Аталған жүйе арқылы әлеуметтік көмек алу үшін отбасыдан бір ғана құжат – жеке куәлік талап етіледі.
Сонымен қатар, Атаулы әлеуметтік көмекке келер болсақ, аталған көмекті тағайындау және төлеу мәселелерінде бірқатар өзгерістер енгізілді.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін критерий күнкөріс деңгейінен 50%-дан (14849 теңге) 70%-ға (20789 теңге) дейін өсті. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы, баланың мүгедектік жәрдемақысы және шәкіртақы алынып тасталды.
Аудан бойынша 2019 жылы 10415 отбасы өтініш білдіріп, оның 1220 отбасы «Мұқтаж емес» деп танылса, 9195 отбасы «Мұқтаж» деп танылып, оларға 2,852 млн теңге берілді.

Қайырымдылық іс-шаралары

Аудан аумағында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға, жетім балалар үйіне және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қайырымдылық іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Ағымдағы жылдың 1 маусым «Балаларды қорғау күніне» орай мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардан шыққан 1130 балаға Зоосаябақ пен циркке және «Funky town» ойын алаңында әртүрлі ойындар ұйымдастырылып мерекелік дастархан жайылды.
Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына орай, мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ардагерлерге сыйлықтар табысталды және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне дәрі-дәрмек алуға демеушілер тарапынан 20000 теңгелік сертификаттар берілді. Одан бөлек, 90, 95, 100 жасқа толған 7 Ұлы Отан соғысы мен 23 тыл ардагерлеріне сый-сияпаттар берілді.

Ономастика мәселесі

Цифрлы Қазақстан жобасын жүзеге асыру мақсатында аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйлерге 1344 дана «QR-code» және индексі жазылған жаңа үлгідегі тақтайшалар орнатылды. 2020 жылы аталған тақтайшалар жеке сектордағы жаңадан атау берілген 75 көше бойынша тұрғын үйлерге де орнатылатын болады.
Аудан бойынша 404 даңғыл, көше мен өткелдер бар, оның 253 атауы заңдастырылған, 110 көше хаттамамен расталған және жаңадан 41 көшеге атау беру үшін тиісті басқармаға ұсыныс жолданды. Сонымен қатар, ауданда 15 шағынаудан орналасқан. Оның ішінде 5 шағынауданның атауы заңдастырылған, қалған 10 шағынауданның атауын заңдастырыға тиісті басқармаға ұсыныс жолданды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу

«Шымкент-қауіпсіз қала» жоба аясында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен түнгі мезгілдегі кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілінсіз жүруін анықтау бойынша 27 рет рейд өткізіліп, 75 тұлғаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес, хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, А.Жангельдин, Т.Айбергенов көшелерінің бойында орналасқан жалдамалы пәтер беретін кәсіпкерлерге аудандық кірістер басқармасына заңды түрде тіркелу бойынша түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 449 бабына сәйкес, 75 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 412 757 теңге айыппұл салынды.

Мемлекеттік қызмет көрсету

Спорттық атақтар, разрядтары және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес аудан әкімінің аппаратымен төмендегідей спорт атақтары берілді:
Жасөспірімдердің I-санаты бойынша 234 спортшыға, жасөспірімдердің II-санаты бойынша 195 спортшыға, жасөспірімдердің III-санаты бойынша 55 спортшыға, II спорт санаты бойынша 53 спортшыға, III спорт санаты бойынша 59 спортшыға және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы 6 тұлғаға, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер 3 тұлғаға, 12 спорт төрешiсi біліктілік санаттары берілді.

Демалыс аймақтары

Өздеріңізге белгілі аудан қаламыздың орталығында орналасуына байланысты, демалыс аймақтары мен мәдени нысандардың көбісі аудан аумағында орналасқан, атап айтар болсақ 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар. Аталған нысандар тұрақты түрде зерделеніп, анықталған кемшіліктерді ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан Т.Тәжібаев аллеясы абаттандырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бейбітшілік көшесінің бойындағы Арбат қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналып отыр. Аталған демалыс аймағында құзырлы мекемелер еріктілердің ұйымдастыруымен мәдени іс-шаралар мен халықтың сауатын арттыру акциялары және түрлі салалар бойынша халыққа тегін кеңестер өткізіліп тұрады. «Орталық саябаққа» ағымдағы жөндеу жұмыстары және Асанбай Асқаров ескерткішінің аумағы мен «Дендросаябақ» аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Елбасының тапсырмасына сәйкес ауданымызда тарихи маңызы зор Шымкент қалашығын (Цитадель) қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Ескі қаланың аумағында табылған экспонаттардан тұратын мұражай-экспозициясы және бекініс қабырғалары бар Оңтүстік қақпаларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіп, 200 шаршы метрге Визит-орталығын орналастыру жоспарлануда.
Өздеріңізге белгілі келесі жылы Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы болады. Біз үшін бұл үлкен жауапкершілік. Аудан қаламыздың орталығында орналасуына байланысты, демалыс аймақтары мен мәдени нысандардың көбісі аудан аумағында орналасқан сол себепті де өтетін іс-шаралар мен бағдарламаларды өз деңгейінде өткізу біз үшін үлкен жауапкершілік талап етеді.

Мәдени-ағарту саласы

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бекітілген жоспарға сәйкес, 2019 жылы мемлекеттік маңызы бар 11 мерекелік іс-шара, 15 кәсіби, 25 қайырымдылық іс шаралар өткізілді.
Аудан әкімінің аппаратымен өткізілген барлық іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар бұқаралық ақпараттар құралдарында және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының «facebook» және «instagram» парақшалары мен ресми сайтында(Alfarabi-shym.gov.kz) тұрақты түрде жариялануда.
Салыстырмалы түрде айтқанда, 2018 жылы аудан әкімі аппаратының атқарылған жұмыстары жөнінде ақпараттарды әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жалпы 100-ге жуық мақала жарияланса, 2019 жылы 200-ден астам мақала жарияланды.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аудан тұрғындарына есеп беру кездесулерінің кестесі

Өткізілетін орны

Күні

Уақыты

1

№129 орта мектеп

Сәуле шағынауданы, н/з.

13.01.2020ж.

11-00

2

ҚР ІІМ-нің Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы

Т.Рысқұлов көшесі н/з.

15.01.2020ж.

11-00

3

Жастар ресурстық орталығы

Түркістан көшесі,1

20.01.2020ж.

11-00

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аудан тұрғындарына есеп беру кездесулеріне арналған ұсыныстар мен ескертпелер үшін арнайы жәшіктердің орналасқан мекенжайлары 

р/с

Жәшіктер орнатылатын орындар

Мекенжайы

1

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимараты

Ж.Тыныбаев көшесі, 49

2

Н.Төреқұлов атындағы №62 орта мектеп

Түркістан шағынауданы, н/з.

3

Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп

Сәуле шағынауданы Абай көшесі, н/з.

4

Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейі

Республика даңғылы, 3

5

Айбек атындағы №14 жалпы орта мектеп

А.Диваев көшесі, 46

6

Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектеп

195 орам, К.Тұрсынбаев көшесі, н/з.

7

№121 «Текесу» негізгі орта мектеп

Текесу тұрғын алабы,

Текесу көшесі,57

8

Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектеп

В.Суриков көшесі, н/з.

9

Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназия

А.Байтұрсынов көшесі, н/з.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.