Барлық пікір ескеріледі

Среда, 15 Январь 2020 06:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 204 раз

Шымкенттегі іссапары аясында Парламент Мәжілісінің депутаты «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Нұржан Әлтаев Silkway Халықаралық университетінде қонақта болды.

WhatsApp Image 2020-01-14 at 20.42.56

Университет оқытушыларымен кездескен халық қалаулысы мәжіліс тарапынан іске асып жатқан шаралардан, қабылданған заңдардан хабардар ету, сол заңнамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың аудандардағы іске асу барысымен, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысу әрі көкейтесті мәселерге құлақ түру мақсатында келгенін айтты. Сонымен қатар, Нұржан Бауыржанұлы қазіргі уақытта мәжіліс ашық режимде жұмыс істейтінін, ғаламтор арқылы кез келген мәселеге қатысты байланыс орнатуға мүмкіндік барын да айтты.

Кездесу барысында мәжілісмен университет  ректоры Ирина Ефимова бастаған ұжыммен емен-жарқын әңгіме құрды.

Халық қалаулысына университеттің материалдық-техникалық базасы мен жылдар бойы жеткен жетістіктерін баяндаған Ирина Евгеньевна университетте кадрларды дайындау құрылымы республика мен аймақтағы қажеттіліктеріне сәйкес келетінін айтты. Оның айтуынша, күндізгі бөлімде оқитын түлектердің 75 % мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан, сыртқы бөлімнің 62 % өз профилі бойынша жұмысқа тұрған. Мұнан соң оқытушылар қауымы мәжіліс депутатына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сол мезетте жауап алды.

Өз кезегінде Нұржан Бауыржанұлы алдағы уақытта әлі талай рет университет қабырғасына келіп, кездесулер өткізетінін айтты.

WhatsApp Image 2020-01-14 at 20.42.52

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.