Бас консулмен кездесті Избранное

Пятница, 07 Февраль 2020 03:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1789 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті.

Әкім мен консул 2

Кездесуде тату қарым-қатынас, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, екі елдің сауда және мәдени қатынастарын одан әрі дамытудың мүмкіндіктерін және серіктестік жайы талқыланды.

– Қазақстан мен Ресей – стратегиялық әріптестер, бізді сан ғасырлық достық пен тұрақтылық байланыстырады. Сондықтан ара қатынасымыз бұдан әрі де нығая түспек, - деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Ресейлік консул Шымкенттің инвестициялық әлеуетіне қызығушылық танытып, аймақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді. Аталған жобалар қос мемлекеттің экономикалық және туристік ахуалын арттырып, мәдени-гуманитарлық байланысын нығайтады.

Әңгіме барысында Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуеті туралы мәлімдеді. Өз кезегінде Бас консул
Евгений Бобров айтылған ұсыныстармен келісетінін және осы бағытта жұмыстар атқарылатынын айтты.
Жиын соңында қала басшысы бұл кездесу екі жақты мәдени, білім, әлеуметтік экономикалық саланың дамуына септігін тигізеріне сенім білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.