ЖАУЫННАН КЕЙІНГІ ҚАУІП СЕЙІЛДІ Избранное

Пятница, 15 Май 2020 02:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2091 раз

3

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауған жауынның салдарынан су басқан Елтай тұрғын алабына арнайы барды. Су шайған жерлерді аралап көрген шаһар басшысы тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды.

Мамандардың пікіріне сүйене отырып, алдағы үш күнде толассыз жауын-шашын болатынын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілуін қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Сонымен қатар әкім жауыннан келетін қауіпті алдын ала болжай алмаған жауапты лауазымды азаматтарға тиісті шара көрілетінін мәлім етті.
Айта кетейік, 13 мамыр сағат 19.14-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Елтай елдімекеніне қатты нөсер салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келген. Судың деңгейі 20-50 см құраған. Көп мөлшерде ағылған судан арық арнасынан асып, соның салдарынан 60 тұрғын үйдің ауласын су басып, 3 шаруашылық құрылысы қирады. №119, №41 мектептерде құрылған эвакуациялық пункттерге 150 адам көшірілген. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылып отыр.
Қазіргі таңда қауіпсіздікті сақтау мақсатында құзырлы мекемелер тарапынан қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай тұрақты бақылауда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.