ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Вторник, 26 Май 2020 11:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 187 раз

WhatsApp Image 2020-05-26 at 17.30.59

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен жүйелі түрде іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осы орайда, Департамент басшысының орынбасарлары Т.Серікбаев және Б.Ұзынжастың, Шымкент Полиция департаменті бастығының орынбасары М.Алтаевтың қатысуымен жол-патрульдік полиция қызметінің жеке құрамымен кездесу өтті.
Кешкі сап түзеу барысында Талғар Серікбаев жеке құрамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылу барысы мен осы бағыттағы алдын алу шараларына, бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігі мен ұжымдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі міндетіне тоқталды.

 

WhatsApp Image 2020-05-26 at 17.30.48


Өз кезегінде Бауыржан Ұзынжас жол-патрульдік полицияның жеке құрамын бұрынғы әріптестеріне қатысты айыптау үкімдерімен таныстырды. Сонымен қатар, ҚР ҚПК-ның 200 бабы негізінде енгізілген ұсынулардың қорытындыларынан хабардар етті.
Оның айтуынша, қазіргі таңға дейін Полиция департаментіне заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 19 ұсыныс жолданып, 22 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде, 3 қызметкер «қатаң ескерту» алса, 8 қызметкер атқарып отырған лауазымынан, 2 қызметкер жұмыстан шығарылған.
Жиын барысында төтенше жағдай режимінде әрбір полиция қызметкерінің жеке жауапкершілігі туралы ескертіліп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге, адалдық, парасаттылық құндылықтарын берік ұстануға шақырды.


Шымкент қаласы бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.