Шымкент қаласында қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы

Суббота, 04 Июль 2020 17:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1637 раз

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

 №25

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

04.07. 2020ж.

                                                                     

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), «Қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдесіндегі № 44-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №44-ПГВр),"Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығының сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент  қаласының аумағында 2020 жылғы 5 шілде сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 20 шілде сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына келесі талаптарды сақтасын:

2.1. қонақтардың жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

2.2. 65 жастан асқан адамдардың қала және басқа да қоғамдық орындар бойынша жүруін шектеуді;

2.3. тұратын жерінен шыққан кезде 3 адамға дейін бірге серуендеу кезінде маскаларды кию бойынша міндетті талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды;

2.4. жұмыс орнынан және кері қарай жүріп-тұруға, аулаларда және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге жеке-жеке, ал бірге қыдырғанда 3 адамнан аспайтын топтарға  рұқсат етіледі;

2.5. тұрғын үйлердің аулаларында және жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топтарға  рұқсат етіледі;

2.6. қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барған кезде соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауды.

3. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне, карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етуді:

3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, қызметкерлерінің 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

3.2. сауда орталықтарында, таксиде, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;

3.3. жұмыс күндері ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 арқылы кезек брондау арқылы, «Қазпочта» АҚ-ның жұмыс уақыттары сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін, Call орталықтарының жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін шектелсін, ал демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салуды;

3.4. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) барлық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап, мал және автокөлік базарлары), оның ішінде көтерме сауда базарлардың жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.5. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жеке тұрған азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттері, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендердің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін;

3.6. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) осы қаулыда көрсетілмеген нысандардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.7. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану орындары және үйге жеткізу немесе алып шағару режимінде жұмыс жасайтын объектілерінің жұмысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.8. үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының және тек ашық ауада жасалынатын құрылыс жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.9. медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, процедуралық бөлмелердің, коммуналдық қызметтердің  шұғыл көмек көрсету жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.10. АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендердің, ТҚО, шиномонтаждың, өзіне қызмет көрсететін авто жуу орындарының жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.11. белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар объектілерді қоспағанда, туристік объектілер мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығы 50% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар қосымша қызметтерді (тамақтану, үтіктеу және басқалар) тек қонақ үй бөлмелерінде көрсету ұйымдастыруды;

3.12. ойын-сауық, спорттық, жаттығу және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды және т.б. өткізуге тыйым салуды;

3.13. қаланың барлық спорт ұйымдарында оқу-жаттығу сабақтарына, жиындарға, жарыстарға қатысуға және өткізуге тыйым салуды;

3.14. білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың жұмысына тыйым салуды;

3.15. мектепке дейінгі ұйымдардың (балабақшалар, коррекциялық-түзету орталықтары) қызметіне тыйым салуды;

3.16. сыртқа шығаруға немесе үйге жеткізу жүйесіне ауыстырылып, жұмыс кестесін сағат 9:00-ден сағат 21:00-ге дейін белгілей отырып, ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің (дәмханалар, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофеханалар, кулинария) орналасқан жеріне қарамастан жұмысына тыйым салуды;

3.17. косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін СПА-орталықтардың, тренажер залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық спорттық алаңдардың, спорттық үйірмелердің, секциялардың, бассейндердің, аквапарктердің, жағажайлардың, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың жұмысына тыйым салуды;

3.18. аттракциондардың барлық түрлерінің, оның ішінде ашық алаңда орналасқан  алаңшаларының жұмысына тыйым салу;

3.19. көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік және т. б.) жұмысына тыйым салуды;

3.20. барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) жұмысына тыйым салуды;

3.21. қаланың барлық спорт нысандарының жұмысына тыйым салуды;

3.22. барлық діни бірлестіктердің нысандарына (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) келушілер мен дінге сыйынушыларға баруды  тоқтатуды;

3.23. үйге жеткізу және сыртқа шығару режимінде жұмыс істейтін нысандарды қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің жұмысына тыйым салуды;

3.24. бөлек орналасқан өзіне қызмет көрсету автожуу орындарын қоспағанда, авто жуу нысандардың жұмысына тыйым салуды;

3.25. сауда–ойынсауық орталықтарының, сауда үйлерінің сауда желілерінің, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және жазғы террассалары мен жеке есігі бар стационарлық тамақтану объектілерін қоспағанда, кызметіне тыйым салу;

3.26. кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салуды;

3.27. Шымкент қаласындағы автовокзалдар мен автобекеттердің, жолаушылар тасымалдау қалааралық қатынастардың жұмысына тыйым салуды.

4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына:

4.1. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) толтырылуы 50% аспайтын қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін шектелсін. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын;

4.2. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмаудың мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырсын;

4.3. қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеумен қамтуды қамтамасыз ету және карантин аяқталғанға дейін көрсетілген жұмыстарды күн сайын жүргізуді қамтамасыз ету;

4.4. мердігер ұйымдардың қоқыстарды күнделікті шығаруы, қоқысқа арналған контейнерлерді тазалау және дезинфекциялау, оларды жуу бойынша талаптарды орындауын және контейнерлерге арналған алаңдарды таза ұстауды бақылауды ұйымдастырсын.

5. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:

5.1. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерге қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруды және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету;

5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді, дезкілемшелерді орнату, ғимараттарды күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);

5.3. персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету;

5.4. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ 2020 жылғы 25 маусымдағы        №43-ПГВр бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізу;

5.5. барлық объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету.

6. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторингпен қамтамасыз ету;

6.2. карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

7. Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, Шымкент қаласының аудан әкімдері қабылданған шектеу іс-шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

8. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

9. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

11. Осы қаулы 2020 жылғы 5 шілде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.