Жақсыны көрмек үшін... Избранное

Среда, 07 Октябрь 2020 04:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2449 раз

Өткен жексенбі күні зообаққа бардым.
Шымкенттің бірден бір мақтанышы ғой. Өзге қалаларда біздікіндей зообақ бар-жоғын білмеймін. Алматыдағысын ғана көргенмін.

400

 

Сабақты онлайн оқып, айналадағы өзгерістерден бейхабар болып жатқан бала-шаға да сергіп, жан-жануарларды көріп көңіл қуантсын дегенмін. Шымкентте демалыс күндері отбасымызбен барып қыдырып қайтатын саялы бақтар баршылық. Тек уақыт таба білсек, бала-шағаға көңіл бөле білсек болғаны.
Айтайын дегенім....

401


Зообақ әжептеуір реттеліп, сәні кіріп қалыпты. Көптен бері көрмеген едім. Іздейтінім әдеттегідей жолбарыс пен балықтар. Жолбарыс орнында тұр екен. Әріректе Барысқа арналған арнайы орын жасалыпты. Балық жаққа жөндеу жұмыстары басталыпты. Есесіне, Жыландар, тасбақа, қолтырауындар орналасқан кешендер әдемі болыпты. Біртіндеп, барлық қора-жай реттелетінге ұқсайды. Солай болу керек қой. «Астана» керік өсіп қалыпты. Бала күнінде сары еді, қоңыр қошқыл тартыпты реңі. «Ламбада» су сиырға тамаша қора-жай хауызымен салыныпты.
Айтайын дегенім де бұл емес....
Зообақтың қай бұрышына барсақ та «Қазақ Радиосы» мен «Шалқар Радиосы» сайрап тұрды. Ән шырқап, тәлімді әңгіме айтылып жатыр. Зообақта адам көп. Шымкенттіктер және қонақтар. Бәрі де қазақша сөйлеп, қазақша ән-күй тыңдап жүр. Талшын талдың түбіндегі орындықтарға отырып, өткен кеткенге көз жүгіртіп қойып, радио тыңдап отырғандар көп. Тамаша емес пе?! Демалыста қалалықтар осылай сергиді. Демала білу де үлкен мәдениет. Сізді білмеймін, өзіме осы бір көріністер әдемі әсер сыйлады.
Осындайда апа-әжелеріміз «жақсыны көрмек үшін...» деп қызыға кетуші еді ғой. Олай болса сіз де қолыңыз қалт еткенде қаламыздың тамаша орындарын аралап көріңіз. Бұл біздің ортақ үйіміз. Өз қаламыз.

Жәмила МАМЫРӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.