Шымкент: Қаратау аудандық №2 ХҚО жаңа ғимаратқа көшті

Четверг, 03 Декабрь 2020 05:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 331 раз

Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабының тұрғындары мемлекеттік қызмет түрлерін Қаратау ауданы, Ибраһим ата көшесіндегі №118/2 ғимараттан ала алады. "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, аталған ауданның халық саны 60 мыңнан астады. Осыған орай ХҚО-ға келетін азаматтардың көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындаған.

 

tcon 1



«Біз тұрақты түрде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті бойынша талдау жасап, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ХҚО аумағын кеңейту қажет деген қорытындыға келдік. Енді бұл проблема шешіледі деп ойлаймын және ХҚО-ның көшірілуі мемлекеттік қызметтерді барынша жедел көрсетуге және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа ХҚО-да 19 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 9 жұмыс орны бар. Сондай-ақ, 100 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді», - деді Д.Исабеков.

 

tcon 2

 

Айта кетейік, Қаратау аудандық №2 ХҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде, яғни жалға алу шығынынсыз жұмыс істейді. Филиал коммуналды қызметтердің ақысын ғана төлейді.

 

Жалпы, Шымкентте барлығы 11 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 3 мамандандырылған ХҚО және көші-қон қызметін көрсету орталығы бар. Жыл басынан бері №2 ХҚО-да 25 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

 

tcon 3

 

ХҚО жаңа мекенжайы: Қаратау ауданы, Ибраһим ата көш, 118/2. Жұмыс кестесі: дс-жм, 09:00-ден 18.00-ге дейін, үзіліссіз.

Последнее изменение Четверг, 03 Декабрь 2020 05:59
Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.