"Балаға мейрім сыйла"

Понедельник, 18 Август 2014 03:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3642 раз

Шымкент қаласының тұрғындарына
ҮНДЕУ

Шымкент қаласының білім бөлімі Сізге Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі (бұдан әрі-Министрлік) 2014 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық  қайырымдылық акция (бұдан әрі-акция) өткізу туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы, Министрліктің әлеуметтік  бағыттағы бұл бастамасы «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен өткізілуде және Қазақстан Республикасы БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауының 20 жылдығына арналған.
Акция мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының   қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға  жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету.
Қала тұрғындарына ,бизнесмендер, жеке кәсіпкерлер, жүрегі жомарт t өз үндеуін жолдай отырып қайырымдылық акциясына шақырады. Қайырымдылық акциясын өткізудің мақсаты:жетім,жартылай жетім,көп балалы отбасыларына, мектепке дайындау, әлеуметтік жағдайына байланысты мектепке келе алмай отырған балаларға қамқорлық көрсету.
Қала мектептерінен әлеуметтік жәрдемге мұқтаж балалар саны:  24220 олардың ішінде әлеуметтік көмекті қажет ететіндер: жетім балалар-693, жартылай жетім-4647, мүгедек-697, көп балалы отбасының балалары-13713, аз қамтылған отбасы балалары-4359, оралман отбасы балалары-111. Сонымен қатар 4000 оқушыға жалпыға міндетті білім қорынан қаржылай көмек көрсетіледі.    
Біз Сіздердің араларыңызға өмірі қиын жағдайда қалған балалар, жетім балалардың тағдырына  көңіл бөлмей тұра алмайтын жомарт адамдардың бар екендігіне сенеміз!          
Бақытты, салауатты бала өмір жалғасы, қоғамның гүлденуі мен дамуының негізі.   

Шымкент қаласының
білім бөлімі.
Байланыс телефондары:
31-03-52, 31-08-07, 31-86-06

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.