Пациенттерді қолдау қызметі қалай жүзеге асады?

Среда, 24 Август 2022 04:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 445 раз

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде медициналық қызметтер сапасының сараптамасына жіті назар аударылған. Сараптама жасау медициналық қызметтер сапасының деңгейін, стандарттарға сәйкестігін, тиімділігі мен уақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.

 

Сыртқы сараптаманы мемлекеттік органдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тәуелсіз сарапшылар жүргізе алады. Ішкі сараптама медициналық ұйымның өзінде жүзеге асырылады, ол үшін пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтері (ІСҚ) құрылады.
ПҚҚ-нің міндеті көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын сараптау, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасау. Бұл өтініштер мен шағымдарды қарау, пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларды реттеу ПҚҚ-нің міндетіне кіреді.
Пациент қай кезде ПҚҚ-ға хабарласа алады?
Егер сізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу мәртебесінің болуын талап етсе;
- сізді учаскелік дәрігер болмаған жағдайда қабылдаудан бас тартса; -учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер сіз осы емханаға аумақтық қағидат бойынша бекітілген болсаңыз да, үйге шақырту қызметін көрсетпесе;
- сіз бейінді маманнан кеңес ала алмай жүрсеңіз, себебі ол дәрігер жоқ немесе қабылдауға бір айға толық жазылған болсаңы;
- сізге денсаулығыңыздың көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілілмесе;
- жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса;
- дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса, өзін талапқа сай ұстамаса;
- сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз ;
- егер сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданатын болсаңыз;
- сіз өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе тіркелімдерді анықтаған болсаңыз;
- жалпы, сізді медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмаса пациентті қолдау қызметіне хабарлассаңыз болады.
Көптеген жағдайлар жазбаша өтініш беруді қажет етпейді, бірақ пациенттің қолдау қызметі қызметкерінің іс-әрекеттерінің арқасында сол жерде шешіледі.

А. Қылышбай,
Шымкент қалалық №6 емхананың әлеуметтік қызметкері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.