МӘМС аясындағы көмек

Среда, 24 Август 2022 04:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 567 раз

Ел тұрғындарының басым бөлігі ТМККК-ға көңілі толмайды. Сол себепті қазірден бастап міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру жүйесі енгізілуде.

 

Бұған не кіретінін түсіндірейік:
— Қымбат зертханалық қызметтер мен тексерістер;
— Кеңейтілген амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, күшейтілген ТМККК;
— Ауырған кездегі жоспарлы тұрақты көмек, күшейтілген ТМККК;
— Ауырған кездегі стационарлы көмек, күшейтілген ТМККК;
— Денсаулықты қалпына келтіру емі;
— Патологанатомиялық диагностика, күшейтілген ТМККК.
Егер де сізге жеке зертханадағы тексерістер қажет болса, оны тегін алуға болады, бірақ ол үшін сақтандыру медицинасы қорымен келісімшарт жасасқан емханадан бағыт болуы керек.
— Медицинақ сақтандыру қоры дегеніміз не және ол не үшін қажет?
Медицинақ сақтандыру қоры – бұл коммерциялық емес акционерлік қоғам, ол ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету шығындарын өтейді.
№6 қалалық емхана белсенді түрде МӘМС жүйесі туралы ақпараттар таратуда. Бұл жүйеге нақтырақ тоқтала кетсек:
— Профилактикалық егулер қалай жүргізіледі?
Профилактикалық егулер медициналық қызмет көрсетудің минималды пакетіне кіреді, яғни бұл мемлекеттің барлық тұрғындарына көрсетілетін қызмет.
— Міндетті түрде көрсетілетін әлемеуттік сақтандыру медицинасына стоматология қызметі кіре ме?
— Кіреді, бірақ тек 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе «Батыр-ана» атағына ие тұлғаларға, «Ана даңқы» I, II дәрежелі ордендеріне ие, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге көрсетіледі.
— ТМККК аясында қандай медициналық қызметтер көрсетіледі?
— клиника-диагностикалық қызметтер, оның ішінде арнайы шақырту берілген зертханалық диагностикалар
— жедел жәрдем және санитарлық авиация
— медициналық санитарлық көмек
— арнайы қала тұрғындарына паллиативтік көмек және бағу
— шұғыл стационарлық көмек
— амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету
— жоспарлы стационарлық көмек
— туберкулезбен ауырғандардың денсаулығын қайта қалпына келтіру және оларға күтім көрсету
— ТМККК аясында қандай дәрі-дәрмектер беріледі?
— Жедел жәрдем, стационарлық көмек көрсету кезіндегі денсаулық сақтау ұйымымының дәрі-дәрмектер формулярына сай
— Алғашқы медициналық санитарлық қызмет көрсетуде – өкілетті орган тіркеген дәрі-дәрмектер тізімі бойынша тегін немесе белгілі бір сырқаты бар қала тұрғындарына жеңілдікпен беру
— Қай ақпараттар негізінде «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесіндегі әр кісінің МӘМС статусы белгіленеді?
–Ұлттық корпорациясының «Үкімет халық үшін» бөлімшесіндегі ақпараттар негізінде, ондағы МӘМС аясында түскен жарналар мен жарнадан босатылған кісілер туралы ақпарат негізінде.
— Жұмыс берушінің өз жұмысшылар үшін МӘМС жүйесіне аударымы қанша пайызды құрайды?
— С 01.07.2017 ж – 1%, с 2018-2019 ж.- 1,5%, с 2020-2021 ж. — 2%, с 2022 г -3%
— Қызмет көрсету туралы келісім бойынша істейтін жұмысшылар Сақтандыру медицина қорына аударымы қанша болмақ?
— 2020 жылы 1% , 2021 жылы тапқан табасынан 2% (келісімге сәйкес)
— Жеке кәсіпкерлер әлемеуттік сақтандыру медицина қорына жарнаны қашаннан бастап төлейді?
— 2020 жылдан бастап 5%
— Дербес төлеушілер МӘМС жүйесіне ену үшін әлеуметтік сақтандыру медицина қорына қанша жарна төлеу қажет?
— Минималдық жалақыдан 5%
— Артық немесе қате төленген ақшаны қайтару үшін не істеу қажет?
— Ол үшін Ұлттық корпорациясының «Үкімет халық үшін» бөлімшесіне жолығып, растайтын құжаттарды көрсетіп, ақшана қайтару туралы арыз жазу қажет.

А.Нарбекова,
Шымкент қалалық №6 емхананың әлеуметтік қызметкері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.