САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ НЫСАНЫ

Среда, 31 Август 2022 08:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1047 раз

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе.

 

МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны.
Шымкент қалалық онкологиялық орталығында 2022 жылдын 1 қаңтарынан бастап осы күнге дейін МӘМС пакеті бойынша 447 науқас емделіп, ал ТМКК-нің жаңа моделі бойынша 3856 науқас емделген.
Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында пациент М.Р. ағзасында жалпы әлсіздік, салмақ тастау, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы, гормондық бұзылыстар пайда болғанын айтады. Онкологиялық орталықтың жоғары тәжірбелі онкогинеколог-дәрігері З.Мирякипова барлық қажетті талдауларды, КТ, МРТ, онкоцитология нәтижесі бойынша түрлі талдаулар мен тексерулер барысында пациентке диагноз қойды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында үлкен ісікке ота жасалды. Бұл кезең пациент үшін және жақындары үшін оңай болмады. Пациент Шымкент қалалық онкологиялық орталығы дәрігерлеріне көрсетілген көмектері үшін ризашылығын білдірді.
МӘМС шеңберінде емдеу тегін жүргізілді. Соңғы жылдары онкологиялық аурулар, ең өткір медициналық және әлеуметтік мәселелер арасында патологияның алдын алу және ерте анықтауға басымдылық берілген.

Жақсылық Мауленов,
Шымкент қалалық онкология орталығының директоры,

Ахмет Беден,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың Шымкент қаласы бойынша филиалының бөлім
басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.