ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Вторник, 06 Сентябрь 2022 05:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 738 раз

16 қыркүйек күні сағат 16:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.

62

 

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң аясында тегін көмек көрсету. Бұл күні еліміздің кез келген азаматы заң қоғамдастығының ең үздік өкілдерінен тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. бар.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

2016-2019 жылдар аралығында аталған акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар қатысып, 100 000-нан астам азамат құқықтық көмекке жүгініп, кеңес алған.
ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА МЫНА МЕКЕНЖАЙДА ӨТЕДІ: ТӘУКЕ ХАН ДАҢҒЫЛЫ, 5 (М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ, БАСТЫ КОРПУС).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.