Дәрігерлер спортты насихаттады Избранное

Среда, 07 Сентябрь 2022 03:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 504 раз

Медицина қызметкерлері спортта да белсенді. Қажымұқан атындағы орталық стадионда Шымкенттегі медицина ұйымдары арасындағы спартакиада ұйымдастырылып, жүзу, теннис, волейбол, футбол, бильярд ойындарынан бақ сынады.

66

 

Спорттық жарыс физикалық белсенділікті арттыру, белсенді өмір салтын ұстану, бұқаралық спортты насихаттау арқылы халық арасында «Денсаулық – байлық кепілі» деген өмірлік ұстанымды қалыптастыруға бағытталған. Спартакиадаға қаладағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері белсенді қатысып, жүзу, теннис, волейбол, футбол, бильярдан шеберліктерін көрсетті. Спортты жанына серік еткен Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының командасы өзінің жан-жақтылығын көрсетті. Жарыс қорытындысында мекеменің қызметкеткерлері спорттың бірнеше түрінен жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, теннистен Фаррух Нигматов пен Шахноза Исманова ІІ орынды қанжығасына байлады. Арқамен жүзуден Мұхаббат Қаппарова ІІ орын алса, еркін жүзуден Гауһар Рүстембекқызы ІІ орынды иеленді.
Спортты насихаттаған шараға Шымкент қаласы жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бақтығали Аюбайұлы да қатысып, волейбол, футболда әдемі ойын өнегесін көрсетті. Бас дәрігер спартакиадаға қатысқан ұжымын жеңісімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Денсаулық сақшылары салауатты өмір салтын ұстануды айтып ғана қоймай, осындай игі шара арқылы көрсетті.

Айдана ӘБДІРАХМАН

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.