×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Заң үстемдігі қамтамасыз етіледі

Понедельник, 04 Апрель 2016 05:07 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3200 раз

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында қаралған сот істері өткен жылдардың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге ұлғайған. Әрі ондағы сот материалдарының 60 пайызы қанағаттандыруға жатады. Бұл статистикалық мәліметтер ОҚО сотында «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» жиынында кеңінен талқыланды.

Жиынға ОҚО прокуратурасы, ОҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, облыстық сотының, Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандары мен Шымкент қаласына қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары сотының төрағалары мен судьялары қатысты.

- Өткен жылы қолданысқа енгізілген ҚР Қылмыстық кодексінің, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің және Қылмыстық атқару кодексінің жаңа редакциялары бойынша бүгінде жазаны жеңілдету, тағайындалған жаза мерзімін қысқарту практикасы жүзеге асырылуда. Осының себебінен де, қаралған сот материалдары көлемінің арта түсуі заңдылық. Сондай-ақ, жазасын өтеп шыққан азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша бірқатар сала мамандарымен кеңес құрғанды жөн көріп отырмыз, - дейді ОҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Зиядитхан Пірнияз.