Құқық қорғаушылар қырағылық танытты

Пятница, 01 Апрель 2016 04:25 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3845 раз

Шымкент қаласындағы Бозарық айналма жолы аумағында жүк арту көлігімен заңсыз түрде сазды топырақты қазып, «Камаз» жүк көліктеріне артып жатқан тұлғалар анықталды. Оқиға орнына Шымкент қалалық ішкі істер бөлімі Қаратау полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы шақыртылып, құқық бұзушылық құралы ретінде пайдаланылған жүк тасу көліктері заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұраққа қойылды.

946209 1389767004 298 298 0Жалпы, облыс аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін тоқтату бойынша құрылған жұмысшы топ анықтау және оның алдын алу шаралары бойынша жұмыстар жүргізуде. Наурыз айының 24-26 жұлдызы аралығында өткен рейд барысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған бірқатар деректер анықталған. Нәтижесінде, 3 жүк арту көлігі, 1 экскаватор және 7 жүк тасу көліктері айыптұраққа қойылды. Аталған құқықбұзушылық әрекеттер бойынша жинақталған іс құжаттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 334 бабымен (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін ішкі істер органдарына жолданды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.