Мемлекеттік белгілерді, нышандарды құрметтеу әрбір қазақстандық азаматтың міндеті

Среда, 15 Март 2017 16:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 5262 раз

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция, Қазақстан Республикасының заңдары мен мемлекеттiкрәміздері. Еліміздің бұл аса маңызды құжаттары мен нышандары мемлекеттің мызғымас негіздері болып саналады.

Конституция - мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты. Аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн мемлекеттің барлық басқа заңдары Конституцияның қағидаларына сәйкес қабылданады.

Конституция мен оған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеу – оны қабыл­даған халықты құрметтеу. Ол бүкіл мемлекеттік биліктің және  әрбір азаматтың қызметінен көрініс табады.

Мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілерінің бірі - Мемлекеттік Рәміздері. Елдің ел, жердің жер екендігін дәлелдеп, айрықша ел төрінен орын алатын қасиетті Мемлекеттік рәміздердің орны орасан зор екені белгілі. Жаһандану заманында қасиеті мен өсиеті өнегелі болған қазыналы қазақ елінің алпауыт елдермен терезесінің тең болып, қарым-қатынасының молая түсуі, даңқты спортшылардың жеңіс тұғырынан биік тұрған сәттерінде Елтаңбасы елге танылып, көк туы көк аспанды бойлай желбіреп, Әнұраны әлем төрінде шырқалған қуанышты көріністер көп-ақ. Мемлекеттік рәміздерге тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, биік мәртебе беріледі. Сондықтан да мемлекет азаматтарға рәміздерді қастерлеуді парыз ете отырып, мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдер бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Мемлекеттік белгілерді, нышандарды құрмет тұту – әрбір қазақстандық азаматтың міндеті.

Осы бағытта Шымкент қаласы Абай аудандық әділет басқармасында бекітілген жоспарға сай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін, Конституциясы мен заңдарын құрметтеуге, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда, азаматтардың бойына патриоттық тұрғыдағы құндылықтар мен қасиеттерімізді дарытуды насихаттауға арналған ауқымды түрде іс-шаралар өткізіліп келеді.

Ел сүйсінген ерекше белгілерімізді бағалай отырып, Мәңгілік Ел жолындағы жасампаз істеріміздің куәсі болып, Елбасы салған сара жолды жандандыра білсек, жас ұрпақтың Тәуелсіз ел алдындағы үлкен сенімдерінің ақталғаны деп білемін!


Б. ИСАЕВА,

Шымкент қаласы Абай аудандық
әділет басқармасының инспектор-тіркеушісі,
«Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.