Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі жұмыс жасауда

Пятница, 05 Май 2017 07:12 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4604 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтердің сервисі жұмыс жасауда. Бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма қызметін ұсынады. Бұл жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тілін меңгерген 89 маман жұмыс істеуде. ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызметің ала алады.

Қазіргі таңда барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус, шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері, ал 1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйіне шақыруына болады.


                                                                                     

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлік қоғамы баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.