«Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі»

Четверг, 11 Май 2017 05:32 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4806 раз

«Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі және «Меншік құқығы» индикаторлары


    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңның шеңберінде жылжымайтын мүлікке құқықтар нотариус куәландырған мәміле негізінде туындаған жағдайда, оны «қағаз жүзінде» тіркеу жөніндегі баламалы тәртіптің алып тасталуын көздейтін түзетулер бекітілді.
    Сол себепті, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап нотариус міндетті түрде куәландырған барлық мәмілелер әділет органдарына электрондық нысанда жіберіледі. Тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
    Сонымен қатар, осы Заңның шеңберінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесінен техникалық паспорт алып тасталды.
    Әкімшілік кедергілерді болғызбау мақсатында «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Заңның 21-бабында көзделген «өзге де құжаттарды» ұсыну жөніндегі талаптар да тізбеден алып тасталды.
    Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 29.03.2016 жылғы «Қазақстан республикасының кейбір заңнамалыө актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімі 5 күннен 3 күнге қысқартылды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтарды мен бостандықтарн, қажетті қорғаныста қоса алғанда, заңға ұайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.

 

Қорғаудың соттан тыснысандары:

-Медиаторға жүгіну;

-Партисипативтік рәсім; Төрелік; 

- Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегіуәкіл;

- Инвестициялық омбудсмен.

 

1.Медиация ол дау тараптары медиаторлар ұйымындағы  медиаторлар тізілімен таңдап алатын медиаторға жүгіне отырып, дауды шешу рәсімі. Медиатор бейтарап болуға, медиацияны екі тараптың мүддесі үшін медиация туралы шартқа сәйкес жүргізуге міндетті.

2.Партисипативтік арасында олардың адвокаттарының тапсыру туралы шарт негізінде жәрдемдесуі кезінде келісөздер жүргізу рәсімі. Бұл рәсім тараптардың өзара және ерікті ниет білдіруі кезінде жүргізіледі. Дау жедел 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шешіледі.

3.Төрелік – нақты дауды қару үшін арнайы төрешілердің немесе тұрақты жұмыс істейтін төрелік  органдарының төрелік келісім негізінде дауларды талқылауы. Төреліктің басымдығы: төрешіні таңдау мүмкіндігі, дауды шешу орнын және уақытын таңдау мүмкіндігі, істі қарау жылдамдығы, істі талқылаудың жабықтығы.

4.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл – мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүддлеріне өкілдік ету, оларды қамтамасыз ету және қорғау мақсатында, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделепрін қорғау үшін ҚР Президентінің өкімімен лауазымға тағайындалатын адам. Уәкілетті адамның қызметін «Атамекен» ҚР Ұлттық кісіпкерлер палатасы қамтамасыз етеді.

5.Инвестициялық омбудсмен – ҚР Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функцияларды атқаратын лауазымды адам. Оның қызметін, ақпараттық-талдамалық,  ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етуді ҚР Инвестециялар және даму министрлігі жүзеге асырады. Егер сіздің  құқықтарыңыз бұзылса, Сіз қызмет көрсетушінің не (немесе) оның оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне шағым жасай аласыз: 


- Осы мәселені қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға;

 -Жоғары тұрған органға;

- Электрондық қызмет көрсету мәселелері бойынша – Инвестициялар және даму министрлігіне; 

- Мемлекеттік қызмет сапасын бағалау және бақылау мәселелері бойынша – мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлікке; - Барлық мәселелер бойынша–азаматтықістержөніндегісотқа.

 

ҚР ӘМ-гі тарапынан  «Әкімшілік рәсімдер туралы» заң жобасы әзірленді. Бұл заң жобасына сәйкес мемлекеттік органдар азаматтар мен  ұйымдар өздерінің дәлелдерін және негіздемелерін  ұсына алатын өтініш берушілерді тыңдау рәсімін өткізуге міндетті болады.

Жоғарғы Сот Әкімшілік процестік кодекс әзірлеуде, оған сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді емес, мемлекет және азаматтарнемесе ұйымдар арсындағы дауларды қарайтын әкімшілік соттар құрылатын болады. Аталған соттар әкімшілік әділет деп аталатын болады.

Рейтинг көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылардың, ғалымдардың қатысуымен жаңа редакциядағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Арбитраж туралы», «Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне» өзгерістер енгізу туралы» заң жобаларын әзірледі.
    Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және оңайлату бағытындағы атқарылып жатқан шаралар бұл Жаһандық бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін жақсарту, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік кедергілерді азайту болып табылады.

Министрлік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметті әрі қарай оңтайландыру шараларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.


Н. БЕГАЛИЕВА,

Шымкент қаласы Абай аудандық

Әділет басқармасының бас маманы,

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-нің мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.