«Заңдылық» жобасы не үшін қажет?

Среда, 15 Ноябрь 2017 10:20 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 79 раз

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен сот органдарында ақпараттық «Заңдылық» жобасы жүзеге асырылды.

 «Заңдылық» жобасы қылмыстық іс-жүргізу деңгейін жақсартуға бағытталған. Осының мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізілім жүйесі мен «Төрелік» ақпараттық жүйелері біріктірілді.

 Соның нәтижесінде қылмыстық іс-жүргізу кезіндегі туындаған кемшіліктер азайып, іс-жүргізу барысы ыңғайлы әрі ашық болуы көзделген.

Аталған жүйе, ҚР Қылмыстық кодексі (әрі қарай – ҚР ҚК) мен Қылмыстық процессуалдық  кодексі (әрі қарай – ҚР ҚІЖК) негізінде құрастырылған.

«Заңдылық» жобасы прокуратура саласында қажеттілігі мол, соттарда мемлекеттік айыптауды сапалы қолдауға ықпал ету шараларын жүргізуде.

Сот отырысына дейін мемлекеттік айыптаушы жарыссөзге дайындалу кезінде, ақпараттық жүйеге сотқа дейінгі іс жүргізу мәліметтерін енгізеді.

Енгізілген мәліметтер ҚР ҚК және ҚР ҚІЖК-нің талаптарына сай тексеруден өтеді де, заң талаптарына сай шешімдер шығаруына және әділ жаза тағайындауға көмегін береді.

 

 Осыған дәлелдеме ретінде үш себепке тоқтала кетуге болады


1) Сотта мемлекет атынан бірден бір айыптаушы қызметін атқаратын тұлға ол прокурор болып табылады. Ол мемлекеттік айыптауды қолдап барлық сот процестеріне қатысады.

Негізінде, прокурор іс жүргізудің басты қозғаушы күші болып табылады. Өйткені ол айғақ заттарды көрсетіп, сотқа оларды бағалауға, әділ және жеткілікті жаза тағайындауға көмектеседі.


2) Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға қатысты айыпталып жатқан баптың нақты дәрежесінің дұрыстығын анықтап, осыған сай жаза мөлшері бойынша пікірін білдіреді.

Қазіргі таңда мемлекеттік айыптаушының құзыреті кеңейтілген, яғни ол тікелей сот кезінде жаңа айып тағуға, тіпті тағылған айыптан ауырын белгілеуге мүмкіндігі бар. Бұрын бұл әрекетті жасау үшін прокурор істі қайта сотқа дейінгі тергеуге жіберуге тиіс еді.


3) Уақыт ағымына сай істер де жылдан жылға күрделі болып келуде. Олардың ішінде жемқорлыққа қатысты, аса ірі мөлшердегі ұрлықтар, резонансты қылмыстар, терактілер, ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалған қылмыстар және т.б.

 

Бір ғана айыптаушы ондаған кәсіби қорғаушыларға қарсы тұрады.

Бұндай істердің қаралуы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілікке жеткізіледі, осы арқылы қоғамда прокурордың қызметі туралы ой қалыптастырылады.

Осының барлығы мемлекеттік айыптаушыдан жоғары біліктілікті талап етеді және айыпталушы адамның сот алдында тұрғанын, жасаған қылмысы үшін қандай жазаға тартылатынын сезіндіруі керек.

Жоғарыда айтылған үш себеп мемлекеттік айыптаушының үлгісін қалыптастырады. Яғни заңды жетік білу, оны қолдана білуі және қағидалықпен объективтілікті  сақтауы.

Атап айтқанда, сот жарыссөзі алдында сотқа қатысушы прокурор істің мән-жайын анықтап, «Заңдылық» жобасына істе көрсетілген жайттарды белгілейді, бағдарламада көрсетілген белгілерді ескере отырып кінәлі адамға жаза мөлшерін автоматты түрде анықтап береді.

Кейін, ол соттың үкімімен салыстырылып сот жүйесіндегі қателіктерді көрсетеді.

Қазіргі таңда, СДТБТ-мі деректер қоры жүйесінде сотқа дейінгі және сотта қаралған істің толық ақпаратын көруге болады.

Мысалы, сот жарыссөзіне дайындалу барысында прокурор айыпталушының мүгедек екенін ескермей соттан оны қоғамдық жұмыстарға тартуды сұрайды.

Ал, бұл бағдарлама болса бірнеше мәліметтер жинақ банктерімен қосылған, соның ішінде ГЦВП, осының арқасында бағдарлама автоматты түрде айыпталушының – мүгедек және қоғамдық жұмыстарға тартуға мүмкін емес екенін прокурорға алдын ала ескертеді.

Оған қоса кәмелет жасқа толмағандарға, зейнеткерлерге, әскерилерге  қатысты жаза түрін, мөлшерін анықтауда қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.

 

Осыған ұқсас аталған бағдарлама мынандай мүмкіндіктерді береді:

  • Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған айлық есептік көрсеткішті анықтап толық айыппұл мөлшерін шығару;
  • Өзгешелігі кінәлі, айыпталушы адамның туған жылын деректер қорында есептеп оны кәмелетке толмаған екенін анықтай алуы;
  • Жазаның дұрыс есептеуі және жазалардың ретін толық көрсету;
  • ҚК барлық тиым салуларын және шектеулерін ескереді;
  • Аяқталмаған қылмыс жасағаны үшін дұрыс және әділ жаза тағайындауға, процессуалдық келісімдер және қылмыстардың жиынтығы бойынша көмектеседі.

Осыған байланысты, ақпараттық «Заңдылық» жүйесін жұмыс барысында қолдану прокуратура органдарының қызметкерлерінің жедел және заңды шешім қабылдауына мол септігін тигізеді. 


ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің Аймақтық көліктік басқармасының аға прокуроры Сатыбалдиева Г.М.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.