«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудегі өзгерістер»

Понедельник, 19 Март 2018 11:04 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2243 раз

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу – Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 Заңы мен өзге де заңдарда көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті растауы болып табылады.

Осыған орай, азаматтар мен заңды тұлғаларға қолайлы жағдай жасау үшін және уақытты, қаржыны үнемдеу мақсатында аталған заңға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, бұрынғы қолданыста болған заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізілген болса, қазіргі таңда мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап жылжымайтын мүлiкке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектiлеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күнiне дейін қысқартылды.  

Сондай-ақ, жоғалған немесе бүлінген құқық белгілеуші құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын алу үшін жергілікті БАҚ-да хабарлама беру талап етілген болатын, қазір бұл талап алынып тасталды, яғни БАҚ-да хабарлама берудің қажеті жоқ.

Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің жоғалуына, бүлінуіне (бұзылуына) себеп болған жағдайларды көрсете отырып, құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын беру туралы өтінішті;

 

-   жеке тұлға паспортын немесе өзге оны алмастыратын құжатын (жеке куәлігін, 16 жасқа толмаған азаматтың туу туралы куәлігін, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ықтияр хаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін);

-  заңды тұлға заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігін (жарғысының, ережесінің көшірмесін), сауда тізілімінен көшірмесін немесе осы субъект өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ немесе орыс тіліне нотариатты куәландырылған аудармасымен бірге басқа құжатын;

-    құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын берген үшін алым төлегенін растайтын құжатты ұсынады.

 

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы заңының шегінде жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарды қорғау және нығайту мақсатында, азаматтар мен заңды тұғалардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына қолайлы жағдай туғызу, сонымен қатар Қазақстанның «Doing Bussines» Әлемдік Банкінің рейтингінде позициясын көтеру «Меншікті тіркеу» көрсеткіші бойынша 2015 жылдың 1 қатарынан бастап ХҚКО-на нотариалдық мәмілелер негізінде туындайтын құқықтарды тіркеу үшін арызданушылардың жолданымдарының баламалы тәртібі алынып тасталды, яғни бұндай құқықтарды тіркеу тек қана электронды форматта бір жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады, яғни азаматтарға меншікке құқықтарды тіркеу бір орында (нотариуста) және аз уақыт ішінде қосымша шығындарсыз тіркеу мүмкіндігі беріліп отыр.

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу электронды түрде енгізілді. 

Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылданып, мемлекеттік қызмет түрлері электронды түрде көрсетіліп келеді. Бүгінгі күні жылжымайтын мүлікке құқықты электрондық тіркеу бойынша қызметі Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді . Осы мақсатта Әділет Министрлігімен жылжымайтын мүлік рәсімін оңтайландыру жөнінде шаралар қабылданып, азаматтардың жылжымайтын мүлікке құқықтарын электронды түрде тіркеу қол жетімді болды.

Осыған орай заман талабына сәйкес «Е-нотариат» бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі қолданысқа еңгізілді. Бұл жүйенің негізгі міндеттерінің ішінде нотариалдық құжаттарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік туралы деректерді сәйкестендіру мен тексеруді жүзеге асыру; нотариустар, Республикалық нотариалдық палата мен аумақтық нотариалдық палаталар, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттік органдар арасындағы тиімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ету қызметі бар. 

«Е-нотариат» нотариустарға нотариалдық әрекеттер туралы уақытылы және нақты есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді және әділет органдарының қызметкерлері үшін нотариустардың қызметін үйлестіру және мониторинг үрдісін жеңілдетеді.

Е-нотариат жүйесі нотариалдық келісімдерді жасаған кезде экономикалық қылмысқа жол бермей, алаяқтықты және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын алдын алады.

Нотариуста келісім-шарт жасағаннан кейін, азаматтарға ХҚКО-ға құжат тапсырып, Әділет органдарының шешімін күту міндетті емес. Электрондық тіркеу үшін азаматтардың электрондық сандық қолтаңбалары қажет емес. Тіркеу үшін ең бастысы ЖСН, Интернетке қолжетімділік, банк төлем карточкасы қажет екенін атап өткен жөн.

Енді, жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжатты рәсімдегеннен кейін нотариус бірден сол жерде құқықтарды тіркеуге өтінім бере алады. Ол үшін нотариус өтініш беруші туралы мәліметтердің нысанын толтырады, ҚР ӘМ әділет департаментіне жөнелтеді, және өтінішті қабылдау туралы және төлемнің сомасы туралы хабарламаны алады. Нотариус бірегей нөмірмен хабарламаны басып шығарады және өтініш берушіге береді, одан кейін клиент электрондық үкімет порталында төлемді жүргізу қажет. Ол үшін өтініш беруші порталда тіркелуі керек, ал электронды қолтаңбаның қажеті жоқ. 

Әділет органдарының  мамандары электрондық чекті алысымен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге кіріседі. Нәтижесінде құқықты тіркеу туралы хабарлама нотариусқа, сондай-ақ өтініш берушінің электрондық мекенжайына беріледі (оның болған және нотариустан өтінішінде көрсетілген жағдайда).

Жылжымайтын мүлік құқығын электрондық тіркеу  әкімшілік кедергілерді жоюға, азаматтар үшін қолайлы жағдай туғызуға бағытталған. 

 

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының жылжымайтын

мүлікке құқықтарды тіркеу саласының

инспектор-тіркеушісі

«Қазақстан заңгерлерінің одағы»

РҚБ-нің мүшесі Б.Мынбаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.