Заң үстемдігіне ерекше мән берілді

Понедельник, 22 Октябрь 2018 11:21 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2123 раз

Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстандықтардың әл - ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Қазақстан халқына арналған Жолдауында ел дамуына қатысты ең негізгі 6 басымдықты атады. Солардың қатарында құқықтық салаға ерекше маңыз берілді.

Мемлекет басшысы қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі деп атап өтіп, құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет екенін айтты. Бұдан бөлек, сот жұмысының заманауи форматтарын енгізіп, электронды қызмет көрсетуге көшуге тапсырма берді. Өйткені, жыл сайын 4 миллиондай азамат  сотта қаралатын іске қатысады екен.«Бұл өз кезегінде қаншама күш пен қаражатты қажет етеді. Уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын талап ететін артық сот рәсімдері қысқартуда сот процестерін алыстан жүзеге асыруға болады, – деді кезекті Жолдауында.

Қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі өзекті болып келеді. Кезекті жолдауында Президентіміз қоғам дертімен күрестің жалғасатынын айта келе, онымен күресудің жолы ретінде мемлекеттік қызмет көрсету салаларын электронды қызмет көрсетуге көшіруді ұсынды. – Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым - қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн. Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады.Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр. Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырамын, – деді. Енді 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілетін болды. Сондай-ақ, қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажеттігін қарастыруға тапсырма берді.

Серік АЛИМКУЛОВ,

Шымкент қаласы

Әділет департаментінің

жылжымайтын мүлікке құқықтарды

тіркеу жұмысын ұйымдастыру

саласының бас маманы,

«Қазақстан заңгерлер одағының»

РҚБ мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.