Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Вторник, 01 Февраль 2022 11:53 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2984 раз

Шымкент қаласының мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.

Жұмыс тобы құрамының саны 9 адамнан, оның ішінде 3  адам мемлекеттік органның және 6 адам азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады.

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері 2022 жылғы 1-5 ақпан аралығында Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына келесі құжаттарды (Шымкент қаласы, N.Nazarbayev даңғылы, №10, №206 бөлме, байланыс телефоны: 24-74-71, сағат 09:00-ден – 19:00-дейін (үзіліс сағат 13:00-ден – 15:00-ге)) қолма-қол береді немесе Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына жібереді.

            1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

            2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның  жазбаша ұсынысы;

            3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

            4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

 

Үлгіні жүктеу

Последнее изменение Вторник, 01 Февраль 2022 12:02
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.