ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР ТЕАТРЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Среда, 11 Сентябрь 2024 05:04

Мәдени іс-шараларды сапалы өткізу мақсатында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты елді мекендерде орналасқан 5 мәдениет үйі мен 5 клуб ғимараты штатымен қоса аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев айтты. Басқарманың 7 айда атқарған қызметіне есеп берген Бауыржан Орынбасарұлы қаланың мәдени-рухани жаңалықтарымен бөлісті. Атап айтқанда музейлер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында "Шымкент қаласының музейлер бірлестігі" құрылуда.

BriFF

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Абай ауданындағы А-2 айналма жолының бесінші кезеңін және Өтегенов көшесінің жалғасын салу жұмысымен танысты. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысқан соң, жол көлік кептілісін оңтайлы реттеу мақсатында салалық басқарма мен мердігер ұйым басшыларына нысанды белгіленген мерзімде тапсыру үшін жұмысты екі ауысымда ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін А-2 жолы бойындағы аумақты абаттандыру, бағдаршам және жол белгілерін орнату бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

ShimSit

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Ел - жаңару жолында» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтар мен мәдениетке баулу, олардың патриоттық рухын арттыру, ұлтшылдыққа негіздеу болды.

SHASTAr

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет. ...Биыл егіс науқанына екі есе көп қаражат бөлінді. Алайда агроөнеркәсіпке бөлінетін бүкіл ақшаның 70 пайызы – мемлекет қаржысы. Бұл салаға коммерциялық банктердің қаражатын да тарту қажет. Диқандарға өсімі аз несие беру үшін мемлекеттік қаржы институттарын субсидиялау шаралары қолға алынды. Банктерге қатысты осындай тәжірибені қолдану керек. Мұның бәрі шаруаларды айналымға қажетті қаражатпен шұғыл қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға және несие алуды оңтайландыруға жол ашады. Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс» деп аграрлы саланы дамытудың ең маңызды мәселесіне қатысты нақты міндеттерді көрсетіп берді.

teplissa

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте халыққа дәстүрлі Жолдауын жолдады. Құрғақ сөздің емес, нақты істің адамы ретінде халық Президенттен жақсы хабар, тың бастама күтті және сол үміт ақталды деп айта аламын.

JoldaU

Шымкент қаласында саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер халықты АЭС-ті қолдауға жұмылдыру мақсатында бірікті. Халықтық штабтың алғашқы отырысында алдағы жұмыс жоспарлары бекітіліп, межелі мақсаттар нақтыланды.

AES1000

Елімізде 5 қыркүйек қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырып Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі болып бекітілгені белгілі. Осы мерекеге орай М.Әуезов атындағы ОҚУ-де тіл жанашырларының бас қосуымен республикалық форум болып өтті.

kazaT

WhatsApp Image 2024-09-10 at 13.21.01

Шымкент қаласында саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер халықты АЭС-ті қолдауға жұмылдыру мақсатында халықтық штаб құрған болатын.

Осыған байланысты «AMANAT» партиясының қалалық филиалының Атқарушы хатшысы ретінде Жолдауда айтылған басымдықтардың маңыздылығына тоқталмай кете алмаймыз. Әсіресе, тезистердің ішінде АЭС салу бойынша референдум уақытының белгіленуі де маңызды жаңалық.

Десе де, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін АЭС салу арқылы шешудің дұрыс-бұрысын ғалымдар мен сарапшылар соңғы бір жыл бойы қызу талқылап келді. Электр энергиясын тұтыну қарқыны жыл сайын 3 пайызға артып келе жатыр. Алдағы 10 жылда энергия қуатының тапшылығы 30 пайызға жетуі мүмкін. Жылдан жылға өсіп келе жатқан энергия қуатының тапшылығы жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға кері әсер етіп, экономиканың дамуына кедергі келтіреді. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек, «Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін энергияның бірден-бір көзі – АЭС. Бұл елдің интеллектуалдық әлеуетін, деңгейін көтереді. АЭС-ті пайдалану – ғылымды дамытуға ерекше үлес қосады, жас ғалымдардың атом саласына деген қызығушылығын оятады. Экономика дамып, инфрақұрылым мәселесі шешіліп, өнеркәсіп орындары ашылады» деген ғалымдардың пікірін жоққа шығаруға болмайды. Қалай айтсақ та, болашақтың энергиясы – отын жағатын энергия емес, балама энергия көздері мен АЭС болып қала бермек. Халық шешіміне ешкім алдын ала кесім айтпайды. Президент жолға қойған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзіндегі көрінісі референдумға белсенді қатысып, дұрыс шешім қабылдаудың маңызы зор және оның ел болашағына әсері мол болмақ.

 

Мұрат ЖОЛДЫХОЖАЕВ.
AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы.

Страница 38 из 923