СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАНДАР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Среда, 04 Сентябрь 2024 04:52Шымкентте ауыз судың тарифтері тұрғындар үшін де, бюджеттік ұйым мен заңды тұлғалар үшін де өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда қымбат. Мысалы, Шымкентте тариф 1 текше метрге шамамен 97 теңге болса, Астанада бұл көрсеткіш 1,5 есе төмен, яғни 65 теңге. Ал, Алматыдағы тариф – 55 теңге, яғни, Шымкенттегіден 2 еседей арзан.
ІРГЕЛІ ОҚУ ОРДАСЫ БІЛІМ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Среда, 04 Сентябрь 2024 04:51Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Білім күніне арналған салтанатты жиын Шымкенттегі «Түркістан» сарайында өтті.
ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ 30 КАНДИДАТ ӨТТІ
Среда, 04 Сентябрь 2024 04:50Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев аймақтық жастар кадр резервіне іріктеу бойынша тапсырма берген болатын. Ал, әкімдер оның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар кадрлық резервті жасақтау барысында әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін ескеру маңызды.
МЕМЛЕКЕТКЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ЗОР АБЫРОЙ
Среда, 04 Сентябрь 2024 04:49Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді. Оның ар – ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халықтың билікке деген сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондай сенімді нығайтуға аянбай тер төгіп жүрген қызметкердің бірі – Асхат Қайратұлы Бердімұрат.
Әрбір әрекет адал және ашық қоғам құруға бағытталуы тиіс
Среда, 04 Сентябрь 2024 04:48Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік немесе жеке сектордағы қызметкерлердің өз қызметтік мүмкіндіктерін жеке мүдделер үшін пайдалануымен сипатталатын құбылыс. Бұл әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелерге үлкен зиян келтіріп, қоғамдағы әділеттілік пен теңдікті бұзады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - барлық деңгейдегі басшылар мен азаматтардың міндеті болып табылады.
Адам папиллома вирусы дегеніміз не?
Среда, 04 Сентябрь 2024 04:47Адам папиллома вирусы (АПВ) 200-ге жуық түрді қамтитын тұқымдас вирустарға жатады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуына себепші бола алады.
Қорғану ережелері қауіпті инфекциядан сақтайды
Среда, 04 Сентябрь 2024 04:47Конго-қырым геморрагиялық қызбасы – аса қауіпті, табиғи-ошақты, вирусты ауру. Инфекцияның негізгі көзі – вирусты трансмиссиялық түрде тарататын және сақтап, тасымалдаушы иксодты кенелер. Вирустың уақытша резервуары жануарлар – ірі мүйізді мал, қой, ешкі. Бірақ оларда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының клиникалық белгілері болмайды. Жануарлар кене шағуы нәтижесінде ауру жұқтырады және қанында вирус жұқтырғаннан кейін шамамен бір апта бойы сақталады. Адамға трансмиссиялық, байланыстық және аэрогенді жолдармен беріледі.
Ж.ШАНИН ТЕАТРЫНА – 95 ЖЫЛ
Среда, 04 Сентябрь 2024 04:44бұл шындық архивтік құжаттар арқылы дәлелденді
Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы 1929 жылдан басталатыны архивтік құжаттар арқылы толық дәлелденді. Осы уақытқа дейін Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы 1934 жылдан басталады деп есептеліп келген болатын. Бұған дәлел ретінде Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төралқасының 1934 жылғы 19 қарашадағы «Қазақ ұлттық театры туралы» қаулысы көрсетілетін еді. Алайда, аталған қаулыда «жұмыс істеп тұрған қазақ театрының әлеуетін күшейтуге дереу кірісу» жөнінде нұсқау берілген. Осы тұрғыдан қарағанда, театрдың тарихы 1934 жылдан емес, одан әріден бастау алады деп тұжырым жасауға болады. Осыған орай театр биыл өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді.