биыл 86 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков баспасөз конференциясын өткізді. Брифингте Қайрат Мейірханұлы Шымкентте бүгінгі таңға дейін 26,5 мың мың гектар жерге дәнді-дақылдар егіліп, одан 86 мың тонна өнім жиналатынын айтты.

BriFF

Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде тұрақты өсім бар. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайызды құрап, республика бойынша үшінші орынға көтерілген (2023 жылдың тиісті кезеңінде – 6-шы орында болатын).

Электр энергиясы сияқты қат дүниені сырттан тасымалдайтын Қазақстанға АЭС-ы керектігі жиырма жылдың бедерінде айтылып жүрген пікір. Осы өзекті мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында нақтыланды.

AESE

немесе стоматологиялық қызметті тегін пайдалануға бола ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді. Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды» деп нақты айтты.

stamatolog

Шымкентте бүгінгі таңда 72 медициналық ұйым науқастарға медициналық оңалту шараларын көрсетуде. Емдеу мекемелері кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары мен травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша ем-дом жасайды.

mamso

Республикалық мәртебеге ие Шымкент қаласы жылдан-жылға өсіп, көркейіп келеді. Бүгінде қала аумағы 1170 шаршы шақырымды құрап отыр, шаһар тұрғындарының саны 1 миллион 230 мың адамнан асты. Әрине, мұндай үлкен қалада көңіл қуантар жетістіктермен қоса түрлі проблемалар да бой көрсетіп жатады. Ал, ондай проблемаларды анықтап, шешу үшін арнайы зерттеулердің тұрақты түрде жүргізілуі маңызды. Бұл бағытта тәуелсіз зерттеулер де қажет.

zertteu

ШЫМКЕНТТЕ СУРЕТШІЛЕР МУЗЕЙІ БОЛСА...

Пятница, 13 Сентябрь 2024 04:54

Қазақстан суретшілер одағының Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Әбдімүтәліп Ахметов мегаполистен суретшілердің еңбектеріне арналған музей болу керектігін айтады. Бұрынғы Фосфоршылар сарайы мамандардың сараптамалық қорытындысы бойынша бұзылатын болды. Өнер иесі осы мәдениет сарайының орнына салынатын кешеннің бір бөлігінде шаһар суретшілерінің туындыларына арналған музей болуы тиіс деген идеясын ұсынды. Өйткені, одақтың құрамында бүгінде жиырма шақты бейнелеу өнерінің майталмандары бар болса, олардың суреттері әрқайсысының үйінде сақтаулы. Музей туындылардың қалпын бұзбай ұзақ уақыт сақталуына және ең көркем, бағалы картиналарды ұлт мұрасы ретінде өзімізде қалуына мүмкіндік берер еді.

oner

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары соңына таяп келеді. Еліміздің спортшылары қазақ күресі, аударыспақ, жамбы ату, асық ату, көкпар, powerful nomad бәсекелерінде топ жарып, үздік нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, отандық балуандар қазақ күресінен 15 жүлде жеңіп алды: 12 алтын, 1 күміс, 2 қола. Жарыстың екінші күні де спортшыларымыз үздік шықты.

kokpar

 

Страница 36 из 923