ЕҢ ҚЫМБАТ ОТАЛАР МЫҢДАҒАН АДАМҒА ТЕГІН ЖАСАЛУДА
Пятница, 02 Август 2024 06:16Жоғары технологиялы медициналық көмек – дәрі-дәрмек пен басқа да емдік шаралардан нәтиже болмаған кезде адам өміріне араша болудың жалғыз жолы. Кезінде қазақстандықтар шет ел асып жасататын күрделі операциялар бүгінде еліміздегі еңселі медициналық ұйымдарда жасалуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты тапсырмаларының бірі де осылай медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болатын.
АРХИВ – ТАРИХ ҚАЗЫНАСЫ
Пятница, 02 Август 2024 06:15Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы және Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы Өзбекстан архивтерінің күндері өткен болатын.
Қариялардың алғысына бөленген орталық
Пятница, 02 Август 2024 06:13Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында зейнет жасындағы 93 407 адам өмір сүреді екен. Бұл көрсеткіш өткен жылы 89 926-ны құраған. Егде жастағы тұрғындардың сәйкес, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, моральдық-материалдық тұрғыдағы жағдайларына қатысты жаңаша көзқарас қалыптасты. Демалыс орындары көбейді, зейнетақы еселенді.
«Мейірімділік – асыл қасиет»
Пятница, 02 Август 2024 06:12Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірімділік – асыл қасиет» атты акватерапиялық іс-шара өтті. Alpen park демалыс аймағында өткен кезекті терапияға жалпы 35 бала қатысты. Жастар ресурстық орталығының психологтары балалардың көңілін көтеріп, негативті ойлардан арылуына жағдай жасады.
МЕКТЕПТЕРДІ АРАЛАП, ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ
Среда, 31 Июль 2024 05:27Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы бірқатар білім беру нысандарын аралады. Атап айтқанда, А.Сейдімбек атындағы №80, №48, М.Х.Дулати атындағы №8 және Б.Момышұлы атындағы №120 мектептерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Әкім салалық басқарма басшыларына тек құрылыс барысына ғана емес, жақын маңдағы аумақтардың санитарлық жағдайына да бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, күзге қарай аумаққа ағаш көшеттерін отырғызу қажет екенін айтты.
ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ – БАСТЫ МАҚСАТ
Среда, 31 Июль 2024 05:26Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы ауданның дамуы бойынша 2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс жайлы баспасөз брифингінде баяндады.
Емхана таңдау – әр азаматтың өз еркінде
Среда, 31 Июль 2024 05:25Елімізде 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында емханаларға бекітілу бойынша жыл сайынғы науқан болады. Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының емханаларында тіркелу туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ЖАҢА КЕЙПІ: ТАРИХ ПЕН БОЛАШАҚ АРАСЫНДАҒЫ НӘЗІК БАЙЛАНЫС САҚТАЛЫП ҚАЛАДЫ
Среда, 31 Июль 2024 05:09Шымкент қаласындағы өзіндік тарихы бар нысандардың бірі – «Фосфоршылар» сарайына қатысты түпкілікті шешім қабылданды. Кеңестік кезеңде мәдениет пен өнердің ордасы болып, халықтың игілігіне қызмет еткен бұл ғимарат өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы аласапыран кезеңде жекешеленіп кеткен болатын. Содан кейін қараусыз қалып, әбден тозығы жеткен ғимарат ақыры мемлекет меншігіне қайтарылып, оның орнына тарихи кескін-келбеті сақталған, бірақ, заманауи мәдениет орталығы салынатын болды.