АЛИМЕНТТЕН ЖАЛТАРАТЫНДАР АЗАЙМАЙ ОТЫР
Пятница, 09 Август 2024 05:48Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Алимент өндіріп алу жағдайы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Онда Шымкент қаласы прокуратурасының әкімшілік және атқарушылық өндірісті қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Мырзалиев аталған мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА МЕШІТТЕР ДЕ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСТЫ
Пятница, 09 Август 2024 05:47Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы биыл «Жақсылық жаса!» деген ұранмен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
ДӘРІГЕРЛЕР САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗУДЕ
Пятница, 09 Август 2024 05:45«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Шымкент қаласы филиалының ұйымдастыруымен «Денсаулық бұрышы» акциясы өтуде.
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр
Четверг, 08 Август 2024 13:17Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары осы күзде Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындық үстінде.
«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген дайындық жоғары деңгейде жүріп жатыр. Біз Ыстанбұл қаласында, кейін Бурабай қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп үлгердік. Ал қазір дайындық жұмыстарын Қырғызстанда жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Мен жалпы бұл спорт түрімен 11 жылдан бері айналысамын. Тоғызқұмалақ өмірімнің бір бөлігіне айналды десем де болады», - дейді тоғызқұмалақтан ҚР ұлттық құрама спортшысы Ерсұлтан Әуелбай.
Тоғызқұмалақтан ҚР ұлттық құрама спортшысы Ернұр Мерешев бұл спорт түрімен 20 жылдан бері айналысып келеді. Ол тоғызқұмалақ спортын мектеп қабырғасынан бастап үйрету керек дейді.
«Тоғызқұмалақ ойлау қабілетіне өте жақсы әсер етеді. Мысалы үйірмеге қатысатын балалардың математика пәнінен үлгерімдері өте жақсы», - деп атап өтті Ернұр Мерешев.
Ал тоғызқұмалақтан ҚР ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаеваның айтуынша тоғызқұмалақ, овари (Батыс Африка халықтарының ойыны) және мангала (түрік халқының зияткерлік ойыны) зияткерлік ойындарына қатысу үшін әлемнің 50 елінен спортшылар келеді деп күтілуде.
Еске сала кетейік, Республикалық «Тоғызқұмалақ» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының серіктесі. Ал Қауымдастық құрамына «Бәйге», «Көкпар», «Теңге ілу», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Аударыспақ»,«Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесінде 10-нан астам елден келетін шабандоздар 500 шақырымға жарысады
Четверг, 08 Август 2024 12:55Қазақстанда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында 2024 жылғы 3-7 қыркүйек аралығында алғаш рет «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді.
Ауқымды спорттық шараға 10-нан астам елден командалар қатысады деп күтілуде. Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка Республикасы Ресей Федерациясының және т.б. елдердің шнабандоздары дүбірлі додада бақ сынайтын болады.
Атап айтсақ, Қырғызстан құрамасы «Ұлы дала жорығына» қатысатын ең үздік аттарды іріктеу мақсатында көпкүндік ат спорты марафонын өткізді.
Қырғызстан Ат спорты федерациясының вице-президенті Манас Сұлтанов «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне шақыруды қабылдау үлкен мәртебе екенін айтты.
«Қазақстанда өтетін көпкүндік ат жарысына дайындық аясында 300 шақырымдық қашықтыққа «Кочмондор журушу» іріктеу марафоны өтті. Барлық командаларға сәттілік тілеймін және жеңімпаздардың көп болуын қалаймын. Ең төзімді және жылдам сәйгүліктер жеңіске жетіп, тұғырдан көрінетініне сенімдімін», - деді М.Сұлтанов.
Марафон-бәйге 5 мың жылдан астам бұрын адам баласы жылқы малын алғаш рет қолға үйреткен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекенінде 3 қыркүйекте бастау алады.
«Ұлы дала жорығына» Кабардин-Балқар Республикасының құрамасы да қатысуға дайындалуда. «АМД Кавказ» ат спорты клубының негізін қалаушы Ахъед Махов қазақстандық ат жарысына қатысуға шақырту алғанын айтты.
«Марафон-бәйгенің бүкіл адамзат үшін киелі мекен саналатын Ботай қонысынан басталуы ерекше маңызды. Біздің команда аңыздар мен тарихи жәдігерлерге толы Ботай жеріне баруға ерекше ынталы. Олай болса, күт бізді, Қазақстан!», - деп атап өтті А.Махов.
Ат жарысы елорда - Астанада 7 қыркүйекте аяқталады. Оның жеңімпаздары 8 қыркүйекте өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысады.
«Ұлы дала жорығы» – жылқы баласының ең мықты тұқымы анықталатын далалық лабороториясы.
Естеріңізге сала кетейік, «JORYQ» республикалық федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар, Қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, асық ату, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және т.б. федерациялар кіреді. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығына белгілі кәсіпкер, меценат, «Алтын Қыран» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы» Исламбек Салжанов басшылық етеді.
Теңге ілуден Қазақстан Ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр
Четверг, 08 Август 2024 12:49Теңге ілуден ұлттық құрама Алматы облысы, Жанашар ауылында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр.
Бұл оқу-жаттығу жиынында көшпенділер ойындарына қатысатын 3 теңгеші анықталады. Еліміздің ең үздік теңге ілушілері 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында өз бақтарын сынайды. 5 тамыз басталған оқу-жаттығу жиыны 10 тамызға дейін созылады.
Ойындар алдындағы соңғы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізіледі. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында теңге ілу бойынша жарыстар 11-13 қыркүйек аралығында Этноауыл аумағында өтеді.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank.
Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Аударыспақтан Қазақстан құрамасы 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр
Среда, 07 Август 2024 07:042024 жылдың 6 тамызында аударыспақтан ұлттық құраманың кезекті оқу-жаттығужиындары басталды. Ұлттық құрама Аллматы облысында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділеройындары алдындағы дайындықтарын пысықтап жатыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын аударыспақтан ұлттық құрама сапында 12 спортшы бар.
Аударыспақтан Қазақстан құрамасының бас бапкері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанбатыр Бекмұрсаев Көшпенділер ойындарында команда жеңіске жету үшін аянып қалмайтынын жеткізді.
«Біз Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында осымен екінші оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Спортшылар жоспар бойынша жаттығуда. Ойындарға дейін сақадай сай дайын болады деп ойлаймыз. Біздің мақсатымыз - намысқа тырысып, ойдағыдай өнер көрсету. Себебі Қазақстан – көшпенділер ойындарын өткізетін ел. Сондықтан, жеңіске жету үшін барымызды саламыз», - деді бас бапкер Жанбатыр Бекмұсаев.
Аударыспақ – екі салт аттының күресі, ұлттық спорт түрі. Жарыстар арнайы жабдықталған диаметрі 15 метрлік шеңбер тәріздес алаңда өтеді.
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында Аударыспақ жарысы этноауыл аумағында 9-10 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған.
Айта кетерлігі, Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank.
Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
«АЛАШ АТЫН АСПАНҒА, ШЫҒАРАР ОЛАР БIР ТАҢДА...»
Среда, 07 Август 2024 06:11немесе Шымкентте жастар күніне арналған онкүндік өтіп жатыр
Бүгінде еліміздегі әрбір үшінші тұрғын жастар санатына жатады екен. Қазір Қазақстанда 14-тен 35 жасқа дейінгі азаматтар осы санатқа жататын болған. Осылайша жастар ел халқының 30 пайызға жуық үлесін алып отыр.