Бұдан бөлек шаһар басшысы Әл-Фараби ауданы, Әбдіразақов көшесінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тазалық және абаттандыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Ғ.Сыздықбеков жауапты тұлғаларға көпқабатты үй іргесіндегі жер учаскелеріне беріліп жатқан құжаттардың заңдылығын тексеруді тапсырды.
Қала әкімі Ақпан батыр көшесі тұрғындарының өтінішін де назардан тыс қалдырмады. Тұрғындар әкімге жақын маңдағы сауда орындарына қатысты шағымн айтты. Сөздерінше, бұл аумақтан шығатын балықтың иісі жергілікті халықтың әбден мазасын алған. Шаһар басшысы жауапты мамандарға кәсіпкерлік нысандарының санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеру бойынша тапсырма берді.
Сондай-ақ, Ғ.Сыздықбеков Жаңаталап шағынауданындағы жаңа көпір құрылысын да тексеріп, мердігер мекеме мен аудан әкімдігі өкілдеріне учаскедегі барлық жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау міндетін жүктеді.
Бүгінде қала әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполис аумағында заңсыз орналасқан құрылыс базарлары қала сыртына көшіріліп жатыр. Аралау барысында Абай ауданындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Нәтижесінде, аудан әкімдері мен сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.