Қазақстан Республикасының заңнамасымен саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге кепілдік беріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметі мен әкімдерге 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемін 2 есеге арттыру жөнінде тапсырма бергені белгілі. Сол себепті елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Жол картасы қабылданған болатын. Онда егіс алқаптарын әртараптандыру арқылы жоғары рентабельді өсімдіктерді көбірек өсіру мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу, тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру және ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жоспарланған.. Жол картасын жүзеге асыру агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнімін 2028 жылға қарай 2 есеге арттырып, 17 трлн. теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

ekonom

Аудан ауыз сумен, электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлнұр Асылбекова мәлімдеді. Сондай-ақ, брифингте аудандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталып өтті.

BriFFF12

Қылмыс жасап, жазасына қарай сотталған адамдарды қоғамнан оқшаулағанмен іс бітпейді. Олардың қылмысына сай жазасын өтеуі үшін қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету қажет.

Tuzetu

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары үшін Арбат саябағында «Халық заңгері» акциясы өтті. Акция аясында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар тегін көмек көрсетті. Бұл шара қалада алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Жыл басынан бері бірнеше мәрте сауда орталықтары мен саябақтарда кездесу өткізілген.

zanger

Шілде айында Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің саммиті өткені белгілі. Бұл ұйымының тарихы тереңде жатыр. Бес елдің бірлесуінен басталып, бүгінде әлем халқының жартысына жуығын қамтыған үлкен ұйымның басты ұстанымдары әуелде қауіпсіздік мәселесі болды.

Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру – уақыт талабы екені анық. Елдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға бағытталған түбегейлі қайта құрулар мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту қажеттілігін көрсетеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» дей келе, Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес елімізде отандық денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша бірқатар ауқымды істер атқарылуда. Сол жұмыстың тағы бір бағыты ретінде адам денсаулығына қауіпті, сапасыз әрі заңсыз дәрі-дәрмектің таралуының алдын алуға бағытталған препараттарды міндетті таңбалау шарасын айта аламыз.

dari

Страница 58 из 923