ОРТАЛЫҚ АЗИЯ РЕНЕССАНСЫ: ОРНЫҚТЫ ДАМУ ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫ
Пятница, 09 Август 2024 05:58Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті
I. ДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫ
Орталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.
Көшпелі және отырықшы өмір салтының үндестігі мұндағы шаруашылық жүйенің негізі болып қана қоймай, аймақтың өзіндік саяси-құқықтық мәдениетін және кез келген өзгеріске бейімдігімен, төзімділігімен ерекшеленетін құндылықтар жиынтығын қалыптастыруға ықпал етті. Орталық Азия кеңістігі сан алуан империяның құрылғанына, ыдырағанына, саяси және экономикалық модельдердің табиғи жолмен дамығанына куә болды, бірақ өзіне тән бірегейлігін сақтап қалды. Халықтарымыз ежелден түрлі өркениетпен тіл табысып, қарым-қатынас орната білді. Соның арқасында бұл аймақ өзінің этномәдени және рухани ерекшелігін сақтай отырып, Ұлы Жібек жолының және тұтастай алғанда үлкен Еуразияның тарихында шешуші рөл атқарды.
ШЫМКЕНТТЕ 600 ГЕКТАРЛЫҚ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Пятница, 09 Август 2024 05:56Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен «Бозарық» индустриялық аймағында іске асырылатын жылыжай құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Ауқымды жобаның негізін қалауға шаһар басшысы және «Аларко Холдинг» түрік компаниясының президенті Йылдыз Үміт Нури қатысты. Мегаполис әкімі оң істі қолға алған инвесторлар мен жауаптыларға сәттілік тіледі.
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІП ЖАТЫР
Пятница, 09 Август 2024 05:55Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді. Шаһар басшысымен кездесуге жиналған азаматтар мегаполистің дамуына қатысты ұсынысы мен толғандырған мәселелерін ортаға салды.
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІК ӨҢІРГЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАР КӨБЕЙДІ
Пятница, 09 Август 2024 05:54Қазір елімізде еңбек күші аз болған солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Осы орайда, Шымкентте алғашқы жарты жылдықтың қорытындысымен 54 отбасындағы 179 адам солтүстік өңірлерге өз еркімен қоныс аударды. Атап айтқанда, 20 отбасы Павлодар облысына, 29 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына, 1 отбасы Абай облысына және 4 отбасы Шығыс Қазақстан өңіріне жайғасты.
БАРДЫ ЖОҚ ДЕСЕҢ – ЖҰТ БОЛАР, ЖОҚТЫ БАР ДЕСЕҢ – ҚҰТ БОЛАР
Пятница, 09 Август 2024 05:53немесе азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда
Азық-түлік өнімдері әлеуметтік маңызға ие екені айтпаса да түсінікті. Оның бағасы өссе, инфляция да артады. Оған жол бермеу мемлекеттің басты міндеті болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында инфляцияны тежеудің жолы ретінде азық-түлік қымбатшылығын болдырмау туралы тапсырма берген болатын.
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ
Пятница, 09 Август 2024 05:52Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Мелес Сейтжановтың модераторлығымен өткен жиынға Палата басшылығы, кеңес мүшелері, қалалық прокуратураның, бақылау-құзырлы органдардың жетекшілері, қалалық әкімдіктің салалық басқармаларының өкілдері қатысты.
ҚАЛАДА ЖОЛ-КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Пятница, 09 Август 2024 05:50Шымкент қаласы мегаполис статусына ие болғалы көптеген өзгерістер енгізіліп келеді. Соның ішінде біршамасы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қатысты болып отыр. Жыл басынан бері қандай жұмыстар атқарылды, әуежай терминалы қашан іске қосылады? Осы және өзге де сұрақтарға басқарма басшысы Ролан ИБРАГИМОВ сұхбат барысында жауап берді.
«АҚЫЛ – ЖАСТАН, АСЫЛ – ТАСТАН»
Пятница, 09 Август 2024 05:49Халықаралық жастар күні қарсаңында 3-12 тамыз аралығында мегаполисте «Жастармен бірге!» атты онкүндік шеңберінде 10 бағыт бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.