Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Оның ішінде Шымкент қаласында осы ұлттық жоба аясында 18 мектеп салу жоспарланған. Бұл бір ауысымда – 28 мың, ал екі ауысымда 56 мың жаңа оқушыны білім беру процесімен қамтуға мүмкіндік береді.

JailiMek-1

«2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.

2024 жылдың 6 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі 1,2 трлн теңгеден асып түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,1 есеге (немесе 638,4 млрд теңгеге) артық және жыл басынан бері 1,3 трлн теңге көлемінде аударылған жарналардың деңгейіне жуықтап қалды.

«Азаматтарға арналған үкімет» Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда. Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында жөндеуден кейін жаңа цифрлық кеңсе қайта ашылды. Мұнда қала тұрғындары 1200-ден астам мемлекеттік қызмет ала алады.

Әдепкіде зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. 2021 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ салымшыларында зейнетақы активтерін басқару стратегиясын таңдау мүмкіндігі пайда болды.

Гемопоэзді дің жасушалары әр адамның сүйек кемігінде оның құрсақішілік дамуынан бастап пайда болады. Олардан адамның барлық қан жасушалары – эритроциттер, лимфоциттер, миелоциттер дамиды. Сүйек кемігі – сүйек денесінде орналасқан және қан жасушаларын үнемі жаңартып отыратын гемопоэз жүйесінің ең маңызды ағзасы. Трансплантациялау кезінде науқастың ақаулы дің жасушаларының орнына сау жасушалар пайда болады.

Демалыс күндері Шымкент тұрғындары қала өнерпаздарының шығармашылығын тамашалау үшін «ШымСити» демалыс саябағына жиналады. Өйткені, мұнда мәдениет, тілдерді дамыту жане архивтер басқармасына қарасты мекемелер кестеге сәйкес өнер көрсетеді. Бұған дейінде бірнеше рет ұйымдастырылған концерттік кеште көрермен лық толы болып еді. Бұл жолы да келушілердің қатары көп. Таза ауадағы мәдени бағдарлама, сазды әуен, цирк өнерпаздарының қойылымдары жасын да ересегін де баурап алған. OPEN AIR форматтында өткен «Шымқала кештері» бұл тек концерт қана емес, көрерменге ұмытылмас әсер қалдыруға және шабыттандыруға арналған өнер кеші.

konsert

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – бұл зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін берілетін ай сайынғы ақшалай төлем.

Страница 57 из 923