×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Екi қолға бiр жұмыс

Пятница, 22 Июль 2016 09:06 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4559 раз

IЗДЕГЕНДЕРДIҢ ҮМIТI АҚТАЛУДА

Жұмыссыздық – бүгінгі қоғамда өзектілігін жойған емес. Екі қолға бір күрек таба алмай жүргендерді кез келген елден табуға болады. Жұмыссыздық деңгейі әзірге көп елдерде тұрақтала қойған жоқ. Сондықтан, бұл мәселе экономикасы тұрақты, дамыған мемлекеттерді де алқымынан алып тұрғаны жасырын емес.


shutterstock 130449392

Соңғы жылдарда жиі бой көрсеткен жаһандық қаржылық қиындықтардың ұшқыны біраз елге кері әсерін тигізгені анық. Дамудың даңғыл жолына түскен Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде жұмыссыздық мәселесі әлі күнге күн тәртібінде тұр. Қарт құрлық елдеріндегі жұмыссыздық деңгейінің орта көрсеткіші 15 пайызға дейін жетсе, жастар арасындағы жұмыссыздық 25 пайыздан асыпты. Бұл ретте, жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсім көрсеткіші бойынша Солтүстік Африка және Таяу Шығыс елдері алдыңғы қатарда. Мұндағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 27 пайызды құрайды.
Қазақ еліндегі жұмыссыздық деңгейі еуроаймақтағы кейбір мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Елдегі жұмыссыздық деңгейі – 5 пайызға тең. Әлемдегі алпауыт ел АҚШ-тың өзінде қазір жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрап отырғанын ескерсек, бұл тәуір көрсеткіш.

Қала халқы еңбекке қабiлеттi

Жалпы, бүгінде Шымкент қаласының экономикалық белсенді халық саны 370 мың адамды құраса, ондағы 350 мың адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Яғни, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрайды.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Қуанышбековтің айтуынша, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шаралар жоспары өз нәтижесін беріп келеді. Мәселен, мемлекеттік «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында тек үстіміздегі жылдың өткен 6 айында 1387 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мекемелер мен кәсіпорындардың сұранысына орай, қызметіне жаңа кіріскен 160 адам қайта даярлау курстарынан өтіпті.
– Аумағы ұлғайып, тұрғындарының саны артқан Шымкент шын мәнінде мегаполис қала ретінде қалыптасып келеді. Тек үстіміздегі жылдың 6 айында 7 жарым мыңға таяу сәби дүние есігін ашыпты. Осындай өсім көрсеткішімен облыс орталығы алдағы 1–2 жылда миллиондық межені бағындырмақ. Экономикалық һәм әлеуметтік тұрғыдан өсіп, өркендеген алып шаһарда іздеген адам үшін лайықты жұмыс табылады. Тек еңбекке деген ынта-жігер болса болғаны, – дейді Бауыржан Шераханұлы.
Ел экономикасының өсуіне жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай әсер етері сөзсіз. Сол себептен де, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде заман талабына сай, мамандарды даярлау, қайта оқыту және тәжірибеден өткізу – бөлім тарапынан жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Біліктілігі мен бағдарын қалыптастыру бағытында жыл басынан бері 1838 жас түлекке «Жастар практикасы» бойынша жұмыс орнына жолдама беріліпті. Сондай-ақ, өмірлік арман-мұратын орындауға құштар мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғам назарынан тыс қалған емес. Биыл 2 рет ұйымдастырылған жәрмеңкенің нәтижесінде, 302 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Ең бастысы, тұрақты жұмыс орнын іздеген жандарға жуырда пайдалануға берілген қалалық жұмыспен қамту орталығы да сапалы қызметін ұсынуға әзір.
Айта кетейік, шалғай орналасқан шағынаудан тұрғындары үшін әлеуметтік қорғауды жеңілдету, оңтайландыру мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде арнайы Call-center қызметі іске қосылған. Яғни, бөлім мамандарынан қандай да бір кеңес алуды ойға алған азаматтар 13-00 немесе 57-04-43 телефон нөмірі арқылы хабарласуына болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.