Шымкент жастарының ұсынысы қолдау тапқан жоба

Пятница, 01 Сентябрь 2023 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 441 раз

zhastar 2

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Конституция күніне арналған «IQ ZHASTAR» қалалық интеллектуалдық сайысы өтті. Аталған жобаға қаланың белсенді жастары, блогерлер, жас журналистер, жайдарманшылар, жас ғалымдар, оқу орнының үздіктері, мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар, кәсіпкерлерден құралған жалпы 16 команда қатысты.

Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов дарындылар сайысына қатысушыларға сәттілік тілеп, көпшілікті мемлекеттік мереке ҚР Конституциясы күнімен құттықтады.

– 16 тамыз күні қала әкімінің төрағалығымен жастар кеңесі өткен еді. Сол жиында жастар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Қала әкімі жастардың ұсынысын қолдау бойынша басқармаға тапсырма берді. Осыған орай жастардың зияткерлік әлеуетін арттыра отырып, жаңа орта табуға көмектесу мақсатында интеллектуалды сайыс жүзеге асып отыр. Бұл сайыс білімді, ізденімпаз, коммуникативті және тапқыр тұлғаларды дайындайтын, жастарды бір арнаға тоғыстыратын бірегей жоба. Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен құттықтай отырып, жоба қатысушыларына сәттілік тілеймін, – деді басқарма басшысы.

Интеллектуалды ойынға қатысушылар негізінен, Шымкент қаласының 14 пен 35 жас аралығындағы жастары. Атап айтқанда, жобада «Тұран», А.Асқаров командасы, «Ордабасы», Әуезов құрамасы, «Жалын», «Ақиқат», «Абадан» сынды командалар бақ сынады.

Зияткерлік ойында Шымкент қаласының жайдарманшыларынан құралған «Жайдарман» командасы жеңімпаз атанды. ОҚУ-дың Әуезов құрамасы екінші, А.Асқаров командасы үшінші орынды иеленді.Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілхайыров жеңімпаздарды құттықтап, арнайы жүлделерді табыс етті.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.