Құтқарушы қыздар Избранное

Среда, 06 Март 2024 04:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 313 раз

... Қала орталығындағы көп қабатты үйлердің бірінен хабарлама түсті. Қоңырау соққан – кішкентай балалардың өзі. Үйде үлкендер жоқ, өздері ғана. Балалар кішкентай болғандықтан мекенжайларын нақты білмейді.

aru

 

Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчері Надежда БУРГАНОВА шұғыл түрле мекенжайды анықтап, техникаларды жібереді. Құтқарушылар уақытылы жетіп, балаларды құтқарып қалады. Көрпе-төсек, жамылғылары мен теледидар өртенген.
Өрт сөндіру қызметі барғанша диспетчер Бурганова балалармен байланыста болып, қалай әрекет етуді айтып тұрған. Орамалды сулап, мұрындарын жауып отыру керектігін түіндіреді. Пәтердің іші көк түтін. Сол сәтте құтқарушылардан балалардың аман-есен құтқарылғаны туралы хабар жетеді.
Бұл майор Бурганованың жиырма жылдан аса диспетчерлік қыметіндегі бір оқиға ғана.
Бүгінде Надежда БУРГАНОВА – Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры. Қазіргі таңда өзі диспетчерлердің жұмысын ұйымдастырып, қадағалайды.
–Әр қоңыраудың артында адам тағдыры тұр. Тұрғындардан дұрыс ақпарат қабылдап, күштер мен құралдарды соған сай жіберу диспетчерден үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бізде түн, демалыс, мереке деген болмайды, әрдайым сапта, дайын тұру керек, - дейді ол.
***
Жанат ӘБДІКӘРІМОВА -- Шымкент қаласы ТЖД Психологиялық қызмет тобының бас маман-психологы, азаматтық қорғау подполковнигі. Еңбек жолын әскери комиссариаттан бастаған.
Төтенше жағдай саласында физикалық дайындықпен қатар, психологиялық дайындықтың маңызы зор. Өрт орындарына барар кездегі жеке құрамның психологиялық ахуалын реттеу, зардап шеккен адамдарға көмек көрсету, сабырға шақыру, үрейге бой алдырмау -- мұның бәрі психологтың жұмысы. Қызметкерлерден тест алады, тренинг өткізеді. Сол себепті өзін әрдайым біліктілігін жетілдіруге тура келеді.
–Төтенше жағдайға шыққан кезде адамдардың түрлі эмоцияларын көресің. Бұл адам тағдыры ғой. Бұл саладағы психологтар өте жедел қимылдау керек. Шұғыл шақыртулар, ірі өрт, резонансты төтенше жағдайларға барамыз. Ол кезде уақытпен санаспайсың. Төтенше жағдайлар қызметін – ең гуманный сала дер едім. Біз адамның қайғысымен бірге жүреміз. Тірі адам болған соң түрлі эмоциялық жағдайларды да сезінесің, – дейді Жанат Оразханқызы.

aru-1

 

***
Айша КАТЧАНОВА – Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қоғаммен байланыс тобының баспасөз-хатшысы.
– Апат айтып келмейді. Біз әрдайым дайын жүреміз. Түннің жарымы болса да, төтенше жағдай орын алса, ақпаратты нақты әрі уақтылы беруіміз керек. Фото-бейне материалмен қамтамасыз етеміз, – дейді Айша Келдібекқызы.
Қазіргі уақытта жағдайды телефонға түсіріп алып, жалған ақпарат таратып жіберетін жағдайлар көп. Сондықтан баспасөз хатшысына халықты дүрбелеңге салмау үшін ақпаратты уақтылы жеткізу, БАҚ, әлеуметтік желі арқылы осы саланың жұмысын көрсету шапшаң қимылдауды талап етіледі.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.