БЕЛСЕНДІ ӘЙЕЛДЕР МАРАПАТТАЛДЫ Избранное

Среда, 13 Март 2024 05:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 218 раз

Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ әйел азаматша аталмыш комиссияның төрағасы Аида Балаеваның арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

DSC 2933

 

Биыл осынау ұлттық комиссияның құрылғанына 25 жыл толып отыр. Алғыс хатты Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов салтанатты түрде табыстап, алғыс иелеріне жылы лебізін білдірді.
– Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдердің рөлін күшейту бағытында өз үлестеріңізді қосып келдіңіздер. Бүгін, міне, осынау мереке аясында ұлттық комиссия арнайы Алғыс хатын жолдап отыр. Елдің көркеюіне, қоғамның түзелуіне атсалысып жүрген сіздерге алғысымды білдіремін, – деді Қ.Асылов.
Марапатқа № 122 «Ақ көгершін» балабақшасының меңгерушісі Жұмагүл Тайтелиева, «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» мекемесінің директоры Айпар Амангелдиева, «Панорама Шымкента» газетінің бас редакторы Наталья Хайкина ие болды. Марапат иелері әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейту жолында 20 жылдан аса қызмет етіп келеді.
Айта кетейік, осы 25 жыл ішінде Ұлттық комиссия отбасылық және гендерлік саясаттағы өзекті мәселелер бойынша тиімді жұмыс жүйесін құра алды. Комиссия мен серіктестердің бірге атсалысуының арқасында әйелдер, отбасы және балалар құқықтарын қорғауға бағытталған жүздеген табысты жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды. Комиссия осы сала бойынша маңызды шешімдер шығарып, оларды іске асыруға белсенді араласатын бірегей органға айналды.

Гүлнұр Сүлейменқызы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.