АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ШЫМҚАЛА КЕШІ Избранное

Среда, 07 Август 2024 05:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 451 раз

Демалыс күндері Шымкент тұрғындары қала өнерпаздарының шығармашылығын тамашалау үшін «ШымСити» демалыс саябағына жиналады. Өйткені, мұнда мәдениет, тілдерді дамыту жане архивтер басқармасына қарасты мекемелер кестеге сәйкес өнер көрсетеді. Бұған дейінде бірнеше рет ұйымдастырылған концерттік кеште көрермен лық толы болып еді. Бұл жолы да келушілердің қатары көп. Таза ауадағы мәдени бағдарлама, сазды әуен, цирк өнерпаздарының қойылымдары жасын да ересегін де баурап алған. OPEN AIR форматтында өткен «Шымқала кештері» бұл тек концерт қана емес, көрерменге ұмытылмас әсер қалдыруға және шабыттандыруға арналған өнер кеші.

konsert

 

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Ундасинованың айтуынша бұл кештерге халықтың сұранысы жоғары. Өйткені әлеуметтік желілерде және концерт соңында қала тұрғындары келіп, өз ойларын, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізетін көрінеді. Басқарма мамандары осы талап-тілектерді ескере отырып, өнерпаздарды шақырамыз дейді.
- Мәдени бағдарламаның негізгі мақсаты Шымкенттік сазгерлердің шығармашылығын насихаттау, олардың музыкалық мұраларын кең аудиторияға тарату, мәдени құндылықтарды сақтау болды. Демалыс күндерін дұрыс жоспарлар мен отбасылық ойындарға қатысып, ынтымақтастық пен татулықты ту етуді дәріптеу. Алдағы уақытта Шымкент Опера және Балет теартының өнерпаздары концерттік кешке қатысады,-дейді Мөлдір Ундасинова.

konsert-1


Қала тұрғындары әр сенбінің кешінде саябақта мәдени іс-шаралардың дәстүрлі түрде өтетініне дән риза.
- Өзім осы маңда тұрамын. Үнемі жанды дауыста әндер шырқалып тұрады. Жақсыны көрмекке деп, немерелерімді алып келдім. Өте тамаша қойылымдар өтуде. Қазіргі таңда балалар гаджеттерге телміріп отырады. Ал, бұл өнерге баулып қана қоймай, сапалы уақыт өткізуге үлкен себеп,-дейді қала тұрғыны Ләззат Қалманова.
Айта кетейік, демалыс саябағында өткен кеште «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі мен дәстүрлі әншілері де өнер керсетті.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.