Жиынды кеңес төрайымы, Шымкент қаласы бойынша Халықтық штабтың мүшесі Баян Жандосова жүргізді. Қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары, штаб жетекшісінің орынбасары Ербол Байқонысов, кеңес мүшелері, партия қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Халықтық штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттады. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының 2024 жылға бекітілген тармақтарының іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасының 8 айында орындалуы туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Утебаеваның есебі тыңдалды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы қаламыздың әрбір азаматына түсіндіріліп, Жолдауда жүктеген міндеттердің орындалуын, мән-маңызын халыққа жеткізу өзекті мәселе. «AMANAT» партиясы Жолдауда айтылған бағыттар бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын бірінші күннен бастап кетті. Осы орайда баршаңызды белсенді жұмыс істеуге шақырамын, - деді Ербол Рәбілұлы.
Г.Темірханқызы