Жолдар жөнделеді

Среда, 03 Февраль 2016 07:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3485 раз

Биыл Шымкентте 17,7 шақырымнан тұратын 73 көше орташа жөндеуден өтеді. Оған жергілікті бюджеттен 993 миллион 412 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар, аяқжол салу жұмыстары да жоспарланып отыр.

22-004Қалада орташа жөндеуден өтетін көшелердің басым бөлігі Еңбекші ауданына тиесілі. Онда 28 көше қайта жаңарады. Шымкентке жақын маңдағы аудандардан бірқатар елді мекендер қосылғандықтан, жөнделуі тиіс көшелердің саны да артқан.
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылбек Баймұрзаевтың
айтуынша, биыл аяқжолдар салу жұмыстары да қолға алынды. Мәселен, 20 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жергілікті бюджеттен 225 миллион 418 мың теңге бөлінген. Олардың барлығы дерлік мектеп, балабақша және аурухана секілді әлеуметтік нысандарға бастайтын жолдарда жүзеге асады. Айта кетейік, Абай ауданында 7, Еңбекші ауданында 3, Әл-Фараби ауданында 3, ал Қаратауда 7 көшеге аяқжол салынады.
Мамандар жол жөндеуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталған соң кіріскелі отыр.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.