Квест-саяхат арқылы қаланы таныды Избранное

Пятница, 18 Июнь 2021 04:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1574 раз

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, 19 маусым – Қала күніне орай квест-саяхат ұйымдастырылды. Жас оқырмандардың керуені еліміздегі ең биік, еңселі сәулет өнерінің туындысы – Бәйдібек баба ескерткішінен бастау алды. Саяхаттың әрбір аялдамасында жастар Шымкент туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп, саяхатты жалғастыруға қосылып отырды.

222

 

Квест-саяхат барысында жастар Шымкенттің көрнекті ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, жыр-арнаулар айтты. Авторлық өлеңдер оқылды.
Саяхат соңында батырлар мен билерге, Даңқ мемориалындағы жауынгерлердің рухына тағзым ете отырып, қуғын-сүргін музейінің жұмысымен танысты. «Шымқала» кешенін, қамал-бекіністі аралаған жастар Тәуелсіздік саябағында саяхатты аяқтады. Іс-шараға жастар, жоғары сынып оқушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Айта кетейік, іс-шара арқылы туған қаламыздың көрнекті жерлерімен жете таныстырып, тарихына үңілу, өлкетану жұмысын жандандыру, қаламызда бой көтерген сәулетті мәдени, тарихи ескерткіштерді насихаттау, бабалар рухына тағзым ету – басты мақсат болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.