Квест-саяхат барысында жастар Шымкенттің көрнекті ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, жыр-арнаулар айтты. Авторлық өлеңдер оқылды.
Саяхат соңында батырлар мен билерге, Даңқ мемориалындағы жауынгерлердің рухына тағзым ете отырып, қуғын-сүргін музейінің жұмысымен танысты. «Шымқала» кешенін, қамал-бекіністі аралаған жастар Тәуелсіздік саябағында саяхатты аяқтады. Іс-шараға жастар, жоғары сынып оқушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Айта кетейік, іс-шара арқылы туған қаламыздың көрнекті жерлерімен жете таныстырып, тарихына үңілу, өлкетану жұмысын жандандыру, қаламызда бой көтерген сәулетті мәдени, тарихи ескерткіштерді насихаттау, бабалар рухына тағзым ету – басты мақсат болды.